Қазына Капитал Менеджмент (ҚКМ) балалардың бір реттік жөргектері өндірісі (Sachiko-Olzha Products ЖШС) бойынша жобадан жалпы сомасы 1,2 млрд теңгемен толық шығуды іске асырды. Сонымен бірге, 300 млн теңгеден астам инвестициялық кіріс алды.
«ҚКМ қорларының бірі – Baiterek Venture Fund – 2015 жылы желтоқсанда жапон серіктесімен бірлесіп қазақстандық инвесторлардың іске асырған балалар жөргектері өндірісі бойынша бірегей жобаға инвестиция салды. Бүгінгі күні жоба бойынша негізгі серіктестің Қор инвестицияларының нәтижесінде бизнес дамуының жаңа деңгейіне шыққанын көреміз. Ол жоба бойынша ҚКМ үшін кіріспен инвестицияларды толық қайтаруды іске асырды. Біз кәсіпорынды жарқын болашақтың күтіп тұрғанына сенеміз», - деп «Baiterek Venture Fund» АҚ Басқарма Төрағасы Алмас Ағыбаев айтты.
Sachiko-Olzha Products Қазақстанда Sachiko және Nico-Nico сауда белгілерімен балалардың бір реттік жөргектерін алғашқы және жалғыз өндіруші болып табылады. Кәсіпорын отандық және шетелдік тұтынушыларды жапон технологиялары бойынша және жапон жабдықтарымен өндірілген сапалы қазақстандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Кәсіпорын 2013 жылы шілдеде іске қосылды.
Жөргектер өндіруді Жапония нарығының 80% үлесін құрайтын балалар және ересектер жөргектері өндірісі бойынша талассыз жеткізуші лидер болып табылатын ZUIKO компаниясының заманауи, жоғары технологиялық, толық автоматтандырылған желісі іске асырады. Отандық зауыттың ең көп шығарылым көлемі – жылына 210 млн жөргек.
Қазіргі кезде Sachiko белгісі Қазақстан бойынша 431 және Ресей бойынша 300 сауда нүктесінде ұсынылған. Жөргектерді дайындау кезінде қолданылатын шикізат, сонымен қатар дайын өнім Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес гигиеналық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша аккредиттелген зертханаларда бақылаудан өтеді.
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) – ұлттық экономиканың тұрақты дамуына ықпал ету үшін 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялық (private equity) қорлардың қоры. ҚКМ отбасы қорлары экономиканың әртүрлі секторларындағы компанияларға әрі қарай өсу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында капитал ұсынады. ҚКМ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.
Baiterek Venture Fund (BVF) – инвесторы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ болып табылатын қазақстандық тікелей инвестициялар қоры. Үлестік қаржыландыру ұсыну арқылы ел экономикасының басым секторларындағы жобаларға қатысады. Қордың капитализациясы 12,7 млрд теңгені құрайды.
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ
Баспасөз қызметі
Байланыс тел.: (+7 7172) 554 222 (ішкі 120);
Электрондық пошта: PR@kcm-kazyna.kz;
Сайт: www.kcm-kazyna.kz