- QIC
- / Табыс тарихы
- / Перинаталдық орталықтың құрылысы
Перинаталдық орталықтың құрылысы
Инвестициялар көлемі
«Керуен-Medicus» – 2000 жылы құрылған Қазақстан Республикасындағы ірі жеке медициналық ұйымдардың бірі. Өз қызметін шағын емханадан бастап, бүгінде "Керуен-Medicus" медициналық персоналдың 300 адамы жұмыс істейтін жетекші медициналық компания болып табылады
2022 жылы Baiterek Venture Fund перинаталдық орталықты салуға және оны кешенді диагностикадан бастап босанғаннан кейінгі реабилитацияға дейінгі қызметтердің толық спектрін көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандыруға "Керуен-Medicus" ЖШС-на 2 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді.
Жалпы ауданы 4000 м² жаңа перинаталдық орталыққа емхана және диагностикалық буын, босану және босанғаннан кейінгі бөлімшелер, операциялық залдар және балалар мен ересектерге арналған реанимация бөлімшелері кіреді.
Халыққа акушерлік-гинекологиялық және неонаталдық көмек көрсету үшін перинаталдық орталықта жайлы палаталар көзделген. Орталық жылына шамамен 1600 адамға қызмет көрсете алады. Сондай-ақ, осы жобаны іске асырудың арқасында 150 жаңа жұмыс орны құрылатынын атап өткен жөн.
Жоба сипаттамасы
Прогресске инвестициялау