Даму тарихы

АҚПАН

Қорлар қорын құру тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

НАУРЫЗ «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Директорлар кеңесімен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ құру туралы шешім қабылданды

МАМЫР

Алматы қаласының Әділет департаментінде «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ мемлекеттік тіркеу жүргізілді

МАУСЫМ

Халықаралық экономикалық форум аясында Санкт-Петербург қаласында Ресейдің Внешэкономбанкі, Еуразиялық Даму Банкі, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, Macquarie Group және Renaissance Group арасында Өзара түсіністік туралы хаттамаға қол қойылды, олар Macquarie Renaissance Infrastructure Fund-қа (қазіргі уақытта Macquarie Russia and CIS Infrastructure Fund) бірлесіп инвестиция салуға ниет білдірді

ТАМЫЗ

International Petroleum Investment Company және Ордабасы корпорациясымен бірге Falah Growth Fund қорына «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның қатысуы туралы шешім қабылданды

ҚАЗАН

National Industries Group Holding Company, CGI Private Equity, The Governing Council of the University of Toronto және басқаларымен бірлесіп «Қазына Капитал Менеджмент» АҚның қолданыстағы Wolfensohn Capital Partners қорына қатысуы туралы шешім қабылданды

ЖЕЛТОҚСАН

Kazakhstan Growth Fund құруға қатысты Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшылығы арасында ниеттер хаттамасына қол қойылды

АҚПАН

Ресейдің Внешэкономбанк, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Macquarie Group, Renaissance Group қатысуымен Macquarie Russia and CIS Infrastructure Fund C.V. (MRIF) қорын құру. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, Халықаралық Қаржы Корпорациясы (IFC), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Macquarie Group және Renaissance Group қатысуымен Macquarie Renaissance Infrastructure Fund қорының бірінші жабылуы өтті

МАМЫР

CITIC Kazyna Investment Fund I қорын құру бойынша құрылтай құжаттарына қол қойылды

ТАМЫЗ

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің қатысуымен Kazakhstan Growth Fund L.P. (KGF) қорын құру

СӘУІР

CITIC Group және Sun Success International Ltd бірлесіп CITIC Kazyna Investment Fund I L.P. (CKIF) қорын құру

МАУСЫМ

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен бірлесіп ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund Қазақстандық қайта құрылымдау қорын құру туралы келісімге қол қою

ҚАЗАН

Қазақстан-Гонконг даму қорын құру туралы келісімге қол қою

ҚАРАША

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сенімгерлік басқаруына берілді

ЖЕЛТОҚСАН

Роснано бірлесіп Russian-Kazakhstan Nanotechnology Fund қорын құру

ТАМЫЗ

2013 жылдың тамыз айынан бастап «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ акциялар пакеті «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға берілді

НАУРЫЗ

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Ислам Даму Банкі, Азия Даму Банкі, CIMB Bank Limited, ОПЕК Халықаралық Даму Қоры және Bangkok Bank қатысуымен Ислам инфрақұрылымдық қоры инвесторларының консорциумына қосылды

МАМЫР

ҚКМ 100 % қатысуымен «Baiterek Venture Fund» АҚ қорын құру

ЖЕЛТОҚСАН

Verno Capital бірлесіп Kazakhstan Infrastructure Fund C.V. қорын құру. «BV Management» ЖШС құру

Сәуір

Қоғамның жарғылық капиталына қатысу үлесі 50% «Almex – Baiterek Fund» ЖШС-не «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның қатысуы туралы шешім қабылданды

Мамыр

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесі «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Kazakhstan Hong Kong Development Fund C.V-ге қатысуын тоқтату туралы шешім қабылдады

Қараша

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен бірлесіп DBK Equity Fund C.V. қорын құру

желтоқсан

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Қазақстанда шағын және орта бизнес компаниялары үшін сауда алаңын құру туралы бастамасы

Наурыз

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «KCM Sustainable Development Fund I C.V.» тікелей инвестициялар қорына «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қатысуының негізгі шарттары бекітілді

Сәуір

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және CITIC Group қатысуымен Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund L.P. қорын құру

Шілде

Fitch Ratings «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-на «Тұрақты» болжамымен шетел және ұлттық валютадағы «BB+» эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін («ЭДР») берді. Fitch сонымен қатар «AA (kaz)» ұлттық межелігі бойынша QIC рейтингін берді

Қыркүйек

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2014-2023 жылдарға арналған өзекті даму стратегиясы бекітілді

Желтоқсан

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның «QazTech Ventures» АҚ акцияларын «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ акцияларын төлеуге беруі жөніндегі жол картасы мақұлданды

Мамыр

«QazTech Ventures» АҚ 100% жай акцияларын және «Kazakhstan Projects Preparation Fund» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 97,7%-ын сатып алу

Шілде

Fitch Ratings «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ «Тұрақты» болжамымен шетел және ұлттық валютадағы «BB+» эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін («ЭДР») растады. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ «Самұрық Қазына Инвест» ЖШС және неміс DEG-Deutsche Investitions-und Entwicklungsgesellschaft даму институтымен бірлесіп Da Vinci Emerging Technologies-Fund III L.P. жаңа қорының негізгі инвесторлары болды

Қазан

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын қаржыландыру шеңберінде 12,8 млрд теңге көлемінде облигациялық қарыз тартты. Облигациялардың бұл шығарылымы дебют болып табылады

Маусым

«QazTech Ventures» АҚ, «Kazakhstan Projects Preparation Fund» АҚ-ның QIC-ке қосылуы. қазан БҰҰ Жауапты инвестициялау қағидаттары бойынша қауымдастығына (UN Principles for Responsible Investment) кіру

Желтоқсан

«BGlobal Ventures» еншілес компаниясы құрылды

Жобалардан шығуға және өмір сүру мерзімдерінің аяқталуына байланысты Kazyna Seriktes B.V қатысуымен Islamic Infrastructure Fund L.P. және Wolfensohn Capital Partners L.P. тікелей инвестициялар қорлары таратылды

Fitch Ratings Қоғамға «Тұрақты» болжаммен шетел және ұлттық валютадағы «BB+» эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингтерін («ЭДР») растады

Жалғыз акционердің шешімімен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ны «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ға қайта атау туралы шешім қабылданды.

Қаңтар

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ға ребрендинг процесін аяқтады

Сәуір

QIC Біріккен Ұлттар Жаһандық шартына Ұйымының (UN Global Compact) қосылды

Мамыр

QIC 2023 және 2024 жылдары өңдеу өнеркәсібінің жобаларын қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 35 млрд теңге сомасында, жылдық 8%-ға дейінгі түпкілікті сыйақы мөлшерлемесімен қаржыландыру тартты

Қыркүйек

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) эмитентінің шетелдік және жергілікті валютадағы ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BB+»-ден «BBB» деңгейіне көтерді. Болжам: «тұрақты»

Қараша

Қазақстанда алғашқы апекс қоры құрылды

Маусым

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Мost Holding зерттеуіне сәйкес ESG ақпаратын ашу индексі 16,1, орташа бағасы 12,6 болған кезде ESG ақпаратын ашу бойынша көшбасшылардың бірі болып танылды.

Қыркүйек

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ және Gulf capital PJSC (БАӘ)  

GC Equity Partners IV қорын Қазақстанға баса назар аудара отырып, Орталық Азия өңіріне кеңейту туралы маңызды келісімге қол қойды.

Fitch Ratings халықаралық агенттігі «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады. Болжам «Тұрақты».

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ «Baiterek Investment Fund» тікелей инвестициялар қорына қатысуының негізгі шарттары қабылданды.

Наурыз

QIC компаниясы Forebright Life Science Technology Fund L.P. қорына қатысу туралы келісімге қол қойды. Қордың мақсатты көлемі - 200 млн АҚШ доллары, QIC міндеттемесі - 20 млн АҚШ доллары. Қор химиялық технологиялар, медицина және биологиялық ғылымдар салаларындағы жобаларға инвестиция салады.

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің Sustainable бөлімшесі QIC-тің ESG рейтингін «3» деңгейінде растады, жалпы балын 59-дан 60-қа дейін көтерді.

Сәуір

QIC компаниясы Орталық Азия елдерінде, оның ішінде Қазақстанда, сондай-ақ Әзербайжан, Грузия, Пәкістан және Бангладеште IT секторының ерте кезеңдегі стартаптарын қолдауға бағытталған Sturgeon Emerging Opportunities II L.P. венчурлік қорына қатысу туралы келісімге қол қойды. QIC міндеттемесі - 3 млн АҚШ доллары.

Директорлар кеңесінің шешімімен технологиялық даму жобаларын қаржыландыруға және экономиканың экспортқа бағытталған салаларын қолдауға бағытталған Qazaqstan Growth and Development Fund L.P. қорына QIC-тің қатысуының негізгі шарттары бекітілді.

Маусым

АХҚО юрисдикциясында Almaty Superski төрт маусымды тау курорты жобасын іске асыру үшін Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы құрылды. Жоба шамамен 60 км тау шаңғысы трассаларын және тәулігіне 10 мыңға дейін шаңғышыны қабылдау мүмкіндігін көздейді.

Директорлар кеңесінің шешімімен Baiterek Investment Fund тікелей инвестициялар қорының көлемі 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға және экономиканың басым салаларын дамытуға бағытталған.

Шілде

QIC компаниясы мақсатты көлемі 4 млрд АҚШ долларына дейінгі Kokzhiyek Fund L.P. қорына қатысу туралы келісімге қол қойды. Қор өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, тұрақты инфрақұрылым және экспортқа бағытталған салалардағы ірі жобаларға инвестиция салуға бағытталған және Қазақстан экономикасын әртараптандыруды қолдайды.

Тамыз

Qazaqstan Growth and Development Fund L.P. қорына қатысу туралы келісімге қол қойылды.

Alem Ventures Fund L.P. венчурлік қорлар қорына қатысу туралы келісімге қол қойылды. Қордың мақсатты көлемі - 1 млрд АҚШ доллары, QIC міндеттемесі — 30 млн АҚШ доллары. Қор әртүрлі IT бағыттарындағы ерте кезеңдегі венчурлік қорларға инвестиция салады, инвестициялардың кемінде 30%-ы Орталық Азияға бағытталады.

Қыркүйек

QIC компаниясы TVM Healthcare SEA Fund L.P. қорына қатысу туралы келісімге қол қойды. Қордың мақсатты көлемі - 150 млн АҚШ доллары, QIC міндеттемесі - 20 млн АҚШ доллары. Қор денсаулық сақтау және биотехнология салаларына инвестиция салуға бағытталған.

Fitch Ratings агенттігі QIC-тің шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингтерін «BBB-» деңгейінде, болжамын «Тұрақты» деп растады.

Желтоқсан

Мақсатты көлемі 1 млрд АҚШ долларына дейінгі Adal Fund L.P. қоры тіркелді. Қор Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің сенімді экспорттаушысы ретіндегі позициясын нығайтуға және астық пен агроөнеркәсіптік секторлардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Директорлар кеңесінің шешімімен Qazaqstan Growth and Development Fund L.P. қорының көлемі 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.


Кеңес алуға арналған чат-бот

Кеңес ал!