Astana International Forum 2025

30.05.2025

Астана AIF 2025 Халықаралық форумы аясында «Қазақстандағы жеке капиталдың мүмкіндіктері: дамушы нарықтардағы өсу» сессиясы өтті. Сессияны «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) ұйымдастырды.

Сессияға: QIC Басқарма төрағасы - Дидар Қарымсақов; Pioneer Capital Invest (Қазақстан) бас директоры - Асет Ерали; Gulf Capital (БАӘ) Инвестициялар жөніндегі басшысы - Ричард Даллас; EWPartners (Сауд Арабиясы) басқарушы серіктесі - Клиф Чау қатысты. Сессияның модераторы QIC тәуелсіз директоры Марсия Фавале (АҚШ) болды.

Спикерлер ұлттық институттардың жеке капитал нарығын дамытудағы рөлін талқылады және индустрияның дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтады, сондай-ақ оларды жеңу туралы өз ойларымен бөлісті.

Сессияға қатысушылар Қазақстан жеке капитал ресурстар секторынан тыс өсудің негізгі драйверіне айналатын жаңа инвестициялық кезеңге кіретінін атап өтті. Сонымен қатар, экономиканың ауыл шаруашылығынан бастап цифрлық инновацияларға дейінгі барлық салаларында қосылған құны жоғары жаңа мүмкіндіктер пайда болады. 


Присоединяйтесь к нашей команде

chat-bgov

Кеңес ал!