• QIC
  • / Табыс тарихы
  • / Дайын жартылай фабрикаттар өндіретін бірінші жоғары технологиялық зауыттың құрылысы

Дайын жартылай фабрикаттар өндіретін бірінші жоғары технологиялық зауыттың құрылысы

Қосшы каласы
₸ 2 201 млн

Инвестициялар көлемі

"Qazaqstan Investment Corporation" АҚ қолдауымен Қазақстан мен Орталық Азия өңірінде "IL-TOV" ЖШС тауықтың төс етінен дайын жартылай фабрикаттар шығаратын алғашқы жоғары технологиялық зауыт іске қосылды

Өнім желісінде котлеттер, шницельдер, митболдар, стриптер мен түйіршіктер 100% дайын болғанға дейін жеткізіледі және кейіннен шокты мұздатуға ұшырайды.

Шикізат ретінде жаңа зауыт бұрын "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ қаржыландырған "Макинск құс фабрикасы" ЖШС өнімдерін пайдаланады.

Осы уақытқа дейін "IL-TOV" ЖШС өндіретін өнімге ұқсас өнім Қазақстанға көрші елдерден толықтай импортталғанын атап өту маңызды.

Өз кезегінде, "IL-TOV" ЖШС болашақта зауыттың өндірістік қуатын жылына 10-12 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, қазақстандық өніммен импортты толығымен алмастыруға қол жеткізді. Бұл ретте қызметкерлер штатын 150 жұмыс орнына дейін ұлғайту жоспарлануда.



Жоба сипаттамасы


Шығарылатын қуаты: Жылына 3 346 тонна дайын өнім

Құрылған жұмыс орындарының саны: 90 жаңа жұмыс орны

Инвестиция сомасы: 2 201 млн теңге

Прогресске инвестициялау