Sustainable Fitch «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ның ESG-рейтингінің жалпы балын көтерді

01.04.2025

Fitch халықаралық рейтинг агенттігінің Sustainable бөлімшесі «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ның (QIC, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) ESG-рейтингін «3» деңгейінде растады. Жалпы балл 59-дан 60-қа дейін көтерілді.

         Fitch агенттігінің мәліметінше, бұл өсім QIC-тің қаржылық емес ақпаратты ашудағы ашықтығының артуы мен тұрақты даму стратегиясының жетілдірілуіне байланысты болды.

Агенттік QIC-тің тікелей инвестициялық қорларға және Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларындағы жобаларға инвестициялау арқылы ел экономикасының әртараптандырылуы мен тұрақты дамуына үлес қосып отырғанын атап өтті.

Бағалау барысында QIC инвестицияларының экономика салаларындағы құрылымына ерекше назар аударылды. Sustainable Fitch-тің пікірінше, экологиялық таза жобаларға, әсіресе жаңартылатын энергия көздері саласына салынған инвестициялардың артуы оң көрсеткіш болып табылады. 2023 жылы «жасыл» инвестициялар көлемі 17,4 млрд теңгеге (38,1 млн АҚШ доллары) жетіп, жалпы инвестициялық портфельдің 9,2%-ын құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда (9%) өсімді көрсетеді.

QIC-тің шағын және орта бизнесті (ШОБ) қаржыландырудағы елеулі үлесі экономикалық өсімге және жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді. QIC-тің ШОБ-қа салған инвестициялары денсаулық сақтау және білім беру салаларын қамтиды. Сонымен қатар, QIC инвестициялық саясаты алкоголь, темекі өнімдері, құмар ойындар және қару-жарақ өндірісі сияқты салаларға инвестиция салуға тыйым салатынын айтып өткен жөн.

Алты директордың үшеуі тәуелсіз директордан тұратын директорлар кеңесінің теңдестірілген құрылымының арқасында QIC корпоративтік басқармасы да оң бағаға ие болды.

Жалпы алғанда, Sustainable Fitch мәліметінше, QIC-тің қызметі БҰҰ-ның бірнеше Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге белсенді түрде ықпал етеді, олардың қатарында:

•⁠ 2-мақсат: Аштықты жою;

•⁠ 3-мақсат: Денсаулық және әл-ауқат;

•⁠ ⁠7-мақсат: Қолжетімді және таза энергия;

•⁠ ⁠9-мақсат: Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым.

Есептің толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.

 

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – тікелей инвестициялар қорларының қоры, 2007 жылы құрылған. Негізгі миссиясы – Қазақстанда тікелей инвестициялар мен венчурлық қаржыландыруды дамыту арқылы елдің тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпарат: https://qic.kz/ru.

Fitch-тің ESG тұрақты рейтингтері ұйымның, құрылымның және құралдардың деңгейінде барлық активтер кластарының экологиялық, әлеуметтік және басқару көрсеткіштерін бағалауға арналған жаһандық шешім ұсынады, бұл ESG қаржы қауымдастығына неғұрлым негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі. Компания екінші тарап пікірі (SPO) мен ESG рейтингтерінің бақылауға болатын жиынтығын (корпоративтік рейтинг, құрылымдық рейтинг және құрал рейтингі) қамтитын модульдік талдау құрылымын әзірледі.

ESG рейтингтері компаниялардың қызметінің тиімділігін, экологиялық және әлеуметтік факторларға деген ұстанымын, оларды бизнес пен стратегияға біріктіруін, сондай-ақ корпоративтік басқарудың тиімділігін көрсетеді. Рейтингтер «1»-ден «5»-ке дейінгі шкала бойынша беріледі, мұндағы «1» – ең жақсы, ал «5» – ең нашар көрсеткіш.

Присоединяйтесь к нашей команде

chat-bgov

Кеңес ал!