«EPG PROMETHEUS SCHOOL» ЖШС

Алматы қаласы
₸ 1 016 млн

Инвестициялар көлемі

«EPG PROMETHEUS SCHOOL» ЖШС 2022 жылы ғимаратты білім беру орталығына қайта құру жобасын іске асырды. «EPG PROMETHEUS SCHOOL» ЖШС – білім беру саласындағы мықты және білікті команда. «EPG PROMETHEUS SCHOOL» ЖШС серіктесі – Tamos мектептер желісі, Кембридж халықаралық мектебі (CIS) мәртебесін алған, нарықта 25 жылдық тәжірибесі бар, табысы мен оқушылардың саны бойынша Қазақстандағы жекеменшік мектептердің ең ірі желісі.

Prometheus SCHOOL – Алматы қаласындағы 0-11-сынып оқушыларына арналған жан-жақты даму мектебі. Орталық мектеп құрылысындағы озық шетелдік тәжірибені ескере отырып құрылды. Ғимараттың жалпы ауданы 12 556 м² құрайды, онда 2 спорт залы, кітапхана, коворкинг және рекреациялық аймақтар, STEM зертханалары және кеңейтілген әрі виртуалды шындық сыныптары, Research & Development орталығы, IT Hub және музыка мектебі орналасады.

PROMETHEUS SCHOOL 856 оқушы орнына Алматы қаласының халқы тығыз қоныстанған ауданындаорналасқан.

Ірі қалаларда ішкі көші-қон, туу коэффициенті мен халықтың тығыздығы едәуір жоғары екенін ескере отырып, бүкіл Қазақстан бойынша жаңа мектептердің құрылысы апатты мектептерді жою, үш ауысымды және тығыздалған оқыту режимімен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді және соның салдарынан оқыту үшін қолайлы жағдайлар туғызады.

Жоба сипаттамасы


Өндіріс қуаты: 856 оқушы

Құрылған жұмыс орындарының саны: 82 жұмыс орны

Өткізілген өнім көлемі: 2022-2023 оқу жылына білім беру қызметтерін ұсынуға 564 шарт жасалды

Инвестиция сомасы: 1 016 млн. теңге


Прогресске инвестициялау