Qazaqstan Investment Corporation Sturgeon Emerging opportunities II LP венчурлық қорына инвестиция салды

16.04.2025

         Qazaqstan Investment Corporation Sturgeon Emerging opportunities II LP венчурлық қорына инвестиция салды. Қордың зәкірлік инвесторлары International Finance Corporation (АҚШ) және SBI Holdings (Жапония) халықаралық қаржы ұйымдары болып табылады.      

         QIC қорға үш миллион АҚШ долларын салады деп күтілуде. Қаражат IT секторы бойынша Қазақстанда, Орталық Азия елдерінде, Әзірбайжанда, Грузияда, сондай-ақ Пәкістан мен Бангладеште дамудың алғашқы кезеңдеріндегі түрлі жобаларға бағытталатын болады.

         Қорды бірінші кезекте Орталық Азия елдерінің технологиялық стартаптарын қолдауға бағытталған Sturgeon Capital (Ұлыбритания) басқаратынын атап өткен жөн.

         Sturgeon Capital-дың қызығып отырған аймағы – әртүрлі елдердің нарықтары үшін бірдей өзекті салалық проблемаларды шешуге бағытталған инновациялық технологиялық өнімдерді немесе қызметтерді ұсынатын жобалар.

         Дидар Қарымсақов, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ басқарма төрағасы: «QIC қызметінің басым бағыттарының бірі – венчурлық инвестицияларды дамыту болып табылады. Соңғы жылдардағы әлемдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген заманауи ірі және табысты компаниялар өз жолын стартап ретінде бастаған. Sturgeon Capital-мен ынтымақтастық аймақтағы венчурлық нарықтың дамуына қосымша серпін беріп, келешегі зор қазақстандық стартаптардың өсуіне және ауқымын кеңейтуге көмектесетініне сенімдімін».

         Робин Батлер, Sturgeon Capital серіктесі: «Қазақстан Sturgeon үшін маңызды нарық болып табылады, сондықтан мен QIC-мен серіктестігіміз қордың өсуінің катализаторы болатынына және талантты қазақстандық стартаптардың негізін қалаушылардың көбірек санына инвестиция салуға көмектесетініне сенімдімін. Қор екі қазақстандық стартапқа – Farel және Surfaice Pro-ға инвестиция салғанын атап өткім келеді және біз елде көріп отырған сапалы келіссөздер ағымымен шабыттанудамыз».

          

 

Анықтама:

"Qazaqstan Investment Corporation" АҚ – негізгі миссиясы елдің тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстанда тікелей инвестицияларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуды көздейтін, 2007 жылы құрылған тікелей және венчурлік инвестициялар қорларының қоры. "Бәйтерек" ҰБХ " АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты сайттан табуға болады https://qic.kz/ru.

Sturgeon Capital Ltd. -штаб-пәтері Лондонда орналасқан инвестицияларды басқару компаниясы. 2006 жылдан бастап инвестициялық қорларды басқарады, сонымен қатар инвестициялық стратегиялар мен консалтингтік қызметтерді ұсынады.

 

Присоединяйтесь к нашей команде

chat-bgov

Кеңес ал!