- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / BGlobal Ventures компаниясының жаңа бас директоры тағайындалды
BGlobal Ventures компаниясының жаңа бас директоры тағайындалды
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) BGlobal Ventures еншілес ұйымының жаңа бас директоры тағайындалды. Бұл Нұржан Қадіркей еді.
Осыған дейін Нұржан Қадіркей QIC-ның басқарушы директоры қызметін атқарып, тікелей шетелдік инвестицияларды (FDI) тарту және венчурлық капитал саласындағы әріптестікті дамыту жұмыстарымен айналысқан. Нұржан Қадіркейдің тәжірибесі private equity (тікелей инвестициялар) және венчурлық капитал саласындағы мәмілелерді құрылымдау, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған стратегиялық әріптестікті орнату бойынша сараптаманы қамтиды.
Н.Қадіркейдің басшылығымен BGlobal Ventures компаниясы Қазақстан мен Орталық Еуразиядағы стартап-экожүйені дамытудағы рөлін күшейтуді, технологиялық және инновациялық стартаптарды белсенді қолдауды, инвестициялар мен халықаралық инвесторлар қауымдастықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуді, бизнес-ангелдер мен қорларды басқаруды жаңа бастаған менеджерлерге арналған білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы ангелдік және венчурлық инвестицияларды танымал етуді, сондай-ақ тұрақты экожүйені құру жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.
Присоединяйтесь к нашей команде