- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / AI мен робототехниканы біріктіру саласындағы көшбасшы AgiBot компаниясы Қазақстанда роботтар өндірісі мен AI шешімдерін енгізу кәсіпорнын құрады
AI мен робототехниканы біріктіру саласындағы көшбасшы AgiBot компаниясы Қазақстанда роботтар өндірісі мен AI шешімдерін енгізу кәсіпорнын құрады

Ниет туралы келісімге Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, AgiBot, ewpartners, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) компанияларының басшылығы арасында Digital Almaty 2025 жыл сайынғы форумында қол қойылды. Әріптестік аясында AgiBot компаниясы Қазақстанда роботтар мен жасанды интеллект шешімдерін өндіру және енгізу бойынша бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.
2023 жылдың ақпанында негізі қаланған AgiBot компаниясы әмбебап адам тәрізді роботтарды әзірлеу және өндірумен айналысады. AgiBot жасанды интеллект пен робототехника саласындағы технологияларды белсенді дамытып, роботтарды өнеркәсіптен бастап тұрмыстық міндеттерге дейін кең ауқымды қолдану үшін әзірлейді. 2024 жылдың желтоқсанында Шанхайдағы AgiBot кәсіпорнында шығарылған роботтардың саны 1000 бірлікке жетті.
Айта кеткен жөн, Қазақстан өңірдегі алғашқы өндіріс локализациясы және әрі қарайғы әзірлемелерді экспорттау елі ретінде қарастырылуда. Әріптестік аясында AgiBot компаниясы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, роботтар мен роботтандырылған жүйелерді оқытуға арналған «деректер фабрикасын» іске қосады деп күтілуде.
«AgiBot сияқты озық компаниямен серіктестік – робот жасау саласын дамыту тарихындағы маңызды кезең. Әсіресе, біздің әріптестігіміз Қазақстан аумағында роботтар өндірісін локализациялауды көздейтінін ерекше атап өткім келеді. Бұл бізге машина жасау саласындағы ең перспективалы бағыттардың бірінде кәсіпорын ашумен қатар, сараптамалық тәжірибені арттыруға және робототехника саласындағы отандық құзыреттілік орталығын құруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
QІС Басқарма төрағасы Ерболат Жолат: «Біз бІрегей инвестициялық және технологиялық тәжірибесі капиталды тартуға және жергілікті технологиялық кәсіпорындарды дамытуға ықпал ететін Еwpartners-пен ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Бұл серіктестік экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді және Қазақстанда тұрақты өсуді қамтамасыз етеді».
Жақын арада Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығында AgiBot роботтарының тәжірибелік үлгілерін көрсететін көрме мен бірлескен ҒЗТКЖ (R&D) орталығы ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, компания қазақстандық университеттермен ынтымақтастық орнатып, бірлескен ғылыми жобалар әзірлеу және студенттерді робот жинауға оқыту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Анықтама үшін:
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстанда тікелей инвестициялар инфрақұрылымын және венчурлік қаржыландыруды дамыту негізгі миссиясы болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан көруге болады.
Присоединяйтесь к нашей команде