Qazaqstan Investment Corporation өтінімдерді өңдеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін жеке кабинетті іске қосты

27.01.2025

Qazaqstan Investment Corporation (QIC) («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) өтінімдерді өңдеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін жеке кабинетті іске қосты.

Жеке кабинет өтініш берушілер (әлеуетті жобалар) мен QIC кэптивті қорлары арасындағы өзара іс-қимыл процестерін автоматтандыруға арналған және «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Жеке кабинетті іске қосу процесті цифрландырудың арқасында сын-қатерлерді азайтуға және өтінімдерді қараудағы дәлдікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұрын құжаттар өтініш берушілерден тек қағаз түрінде қабылданған.

Жеке кабинеттің көмегімен өтініш берушілер ЭЦҚ пайдалана отырып, онлайн режимінде барлық қажетті құжаттарға қол қоя алады, құпиялылық туралы келісімдер жасай алады, өз өтінімдерінің мәртебесі туралы хабарламалар ала алады, өз жобасын қарау бойынша өзара іс-қимыл тарихын және тағы басқаларын қадағалай алады.

Жеке кабинеттің интерфейсін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолдана аласыз.

Жеке кабинетке мына сілтеме бойынша өтуге болады: https://cabinet.qic.kz/login.

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстанда тікелей инвестициялар инфрақұрылымын және венчурлік қаржыландыруды дамыту негізгі миссиясы болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан көруге болады.

Присоединяйтесь к нашей команде

chat-bgov

Кеңес ал!