«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы болып Дидар Қарымсақов тағайындалды

18.03.2025

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен 2025 жылғы 17 наурыздан бастап «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Дидар Нұрлыбекұлы Қарымсақов тағайындалды.       

Дидар Қарымсақов М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ Гуманитарлық-Заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Жалпы жұмыс өтілі 15 жылдан астам, оның ішінде басшылық лауазымдарда 5 жылдан астам.

Еңбек жолын «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-та құқықтық қамтамасыз ету секторының заң мәселелері бойынша кеңесші болып бастады.

2008-2019 жылдары мемлекеттік және жеке секторлардың түрлі компанияларында жұмыс істеді: «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «QazTrade» ССДО» АҚ.

Айта кетейік, бұған дейін Дидар Қарымсақов «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-та басқарушы директор қызметін атқарған болатын, ол 2023 жылы ребрендингтен кейін атауын «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ деп өзгертті.

Басқарма төрағасы болып тағайындалғанға дейін QIC «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

 

Анықтама:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры, негізгі миссиясы - Қазақстанда елдің тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатымен тікелей инвестицияларды және венчурлік қаржыландыруды дамыту. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан алуға болады.

 

 


Присоединяйтесь к нашей команде

chat-bgov

Кеңес ал!