Qazaqstan Investment Corporation және FCAP Investors Pte. Ltd тікелей инвестициялар қорын құру туралы жариялады

23.04.2025

        «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) және FCAP Investors Pte. Ltd (Сингапур) Forebright Life Science Technology Fund, L.P (бұдан әрі - Қор) негізгі инвесторларының бірі ретінде тікелей инвестициялар қорын құру туралы жариялады.

         Қор өз күш-жігерін мультиомикс технологиялары мен синтетикалық биологияны (адамның гендік инженериясын қоспағанда) зерттеуге, соның ішінде жаңа туған нәрестелерді кешенді скринингтен өткізу қызметтерін ұсыну жобаларына, сондай-ақ туа біткен ауруларды алдын алу және бақылауға бағыттайды.

         Қордың мақсатты көлемі 200 млн АҚШ долларын құрайды. Қор 2035 жылға дейін жұмыс істейді деп жоспарлануда.

         Қор географиялық жағынан Қазақстанды, сондай-ақ Таяу Шығыс, Еуропа және Азия елдерін  қамтитын болады. Қазақстанда қаржыландыру репродуктивті денсаулық пен профилактикалық медицинаға бейімделген жобаларға бағытталады деп күтілуде.

         Естеріңізге сала кетсек, Қорды құру туралы алғашқы келіссөздер 2024 жылдың мамыр айында ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың Сингапурға ресми сапары аясында өтті.

         Қорды құру туралы келісім Қазақстанның медицина қызметкерлері мен зерттеушілері үшін білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық студенттер мен магистранттар үшін тағылымдамадан өтуді көздейтінін атап өткен жөн.

 

 

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры, негізгі миссиясы - Қазақстанда елдің тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатымен тікелей инвестицияларды және венчурлік қаржыландыруды дамыту. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан табуға болады.

FCAP - инновациялық технологияларды дамытуға және қарқынды дамып келе жатқан бизнесті қолдауға бағытталған жеке капитал мен венчурлық инвестицияларға маманданған жетекші сингапурлық басқарушы компания. Компания биотехнология, фармацевтика, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар және экологиялық таза технологиялар сияқты салаларға белсенді инвестиция салады. Foresight Capital-дың стартаптарды қолдауда және олардың дамуының әртүрлі кезеңдерінде компанияларды масштабтауда үлкен тәжірибесі бар. Компания стратегиялық басқару және портфельдік компанияларды дамытуға белсенді қатысу арқылы өз инвесторлары үшін ұзақ мерзімді құндылық құруға ұмтылатын қытайлық және халықаралық нарықтардағы маңызды ойыншы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

Присоединяйтесь к нашей команде

chat-bgov

Кеңес ал!