- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / BGOV.KZ – БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ТЕРЕЗЕСІ
BGOV.KZ – БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ТЕРЕЗЕСІ

Құрметті кәсіпкерлер!
Бизнесті қолдаудың www.bgov.kz бірыңғай порталы арқылы бизнесті мемлекеттік қолдау алуға болатынын естеріңізге саламыз. Портал кәсіпкерлік субъектілерінің микро бизнестен ірі бизнеске дейінгі барлық санаттағы қаржылық қолдау алу процесін жеңілдету мақсатында әзірленді.
Вgov.kz порталы «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді және «Бәйтерек» холдингі және оның «Даму» КДҚ» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Qazaqstsan Investment Corporation» АҚ және «KazakhExport» ЭСК» АҚ қоса алғандағы еншілес ұйымдары ұсынатын қызметтердің толық спектрін ұсынады.
Бүгінгі таңда портал қаржылық қолдаудың алты негізгі бағытын қамтиды: кредит беру, субсидиялау, лизинг, сақтандыру, кепілдік беру және инвестициялау.
Платформа кәсіпкерлерге бизнестің көлемі мен қызмет түріне байланысты қажетті қолдау құралын табуға, онлайн өтініш беруге және барлық кезеңдерде өтінімді қарау процесін бақылауға мүмкіндік береді.
Присоединяйтесь к нашей команде