Дидар Қарымсақовтың «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы лауазымындағы 100 күні

27.06.2025

2025 жылғы наурызда Қарымсақов Дидар Жалғыз акционер - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі «АҚ шешімімен «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC, корпорация) Басқарма төрағасы болып тағайындалды. 

QIC – Қазақстанда тікелей инвестициялар нарығын (Private Equity) дамытатын негізгі институт. Сондай-ақ корпорацияның мүдделері саласында венчурлік қаржыландыру экожүйесін дамыту. 

Д.Қарымсақовтың Басқарма төрағасы лауазымындағы алғашқы үш айында корпорация көп жылдан бері алғаш рет Қазақстан экономикасының басым секторларындағы түрлі жобаларға қаржы тартатын тікелей және венчурлік инвестициялардың бес қорын құрды. Олардың ішінде өңдеу және тау-кен металлургия өнеркәсібі, «жасыл» технологиялар, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, репродуктивті денсаулық саласындағы жобалар сондай-ақ IT-стартаптар бар.  

Отандық өндірушілерге қолдау көрсету аясында QIC лак-бояу материалдарын өндіру, сондай-ақ есепке алу аспаптарын өндіру саласында бірнеше жобалар қаржыландырылды.  

Маңғыстау облысында бу-газ электр станциясын салу жобасына QIC-тің қатысуы бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді. Жаңа электр станциясының жоспарланған қуаты 160 МВт құрайды, бұл өндірілетін электр энергиясының көлемін едәуір арттыруға және өңірдегі тапшылықты жабуға көмектеседі.   

QIC үлестік қаржыландыру құралдары арқылы экономиканың шикізаттық емес секторларындағы тікелей инвестициялар нарығын дамыту және жобаларды қаржыландыру жөніндегі жұмысты жалғастырады. 

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры, негізгі миссиясы - Қазақстанда елдің тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатымен тікелей инвестицияларды және венчурлік қаржыландыруды дамыту. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан алуға болады.

Присоединяйтесь к нашей команде

chat-bgov

Кеңес ал!