Басқару органдарының шешімдері

Кезең
Кезең

1. Келесі шарттар жасалсын:
1) «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамы мен «Bereke Bank» акционерлік қоғамы арасында осы хаттамаға № 1 қосымшаға сәйкес негізгі шарттарға сәйкес «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының жасалуында мүдделілігі бар мәміле болып табылатын «Мобильді» мерзімді банктік салымы;
2) «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамы мен «Bereke Bank» акционерлік қоғамы арасында осы хаттамаға № 2 қосымшаға сәйкес негізгі шарттарға сәйкес «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының жасалуында мүдделілігі бар мәміле болып табылатын «Овернайт» мерзімді банктік салымы;
3) «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамы мен «Bereke Bank» акционерлік қоғамы арасында осы хаттамаға № 3 қосымшаға сәйкес негізгі шарттарға сәйкес «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының жасалуында мүдделілігі бар мәміле болып табылатын номиналды ұсталуы бар бағалы қағаздармен брокерлік қызмет көрсету туралы;
4) «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамы мен «Bereke Bank» акционерлік қоғамы арасында осы хаттамаға № 4 қосымшаға сәйкес негізгі шарттарға сәйкес «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының жасалуында мүдделілігі бар мәміле болып табылатын «Bereke Bank» акционерлік қоғамындағы Digital банктік қызмет көрсетудің жалпы шарттарына қосылу;

2. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамы Басқарма төрайымының орынбасары Г.С. Маканалина Директорлар кеңесінің келесі отырысына 2023 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының уақытша бос ақша қаражаты бойынша есеп дайындасын.
3. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы (А.С. Қуатова) осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

2023 жылға «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының төрағасы мен Басқарма мүшелері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің түзетілген карталары осы хаттамаға № 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

«Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының 2022 жылғы тұрақты дамуы туралы есебі осы хаттамаға № 6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

«Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі шешімімен (№16/21 хаттама) бекітілген «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының тұрақты даму саясатына өзгерістер мен толықтырулар осы хаттамаға № 7 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

«Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының 2023 жылғы 2-тоқсандағы тәуекелдері бойынша есебі осы хаттамаға № 8 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

мыналар бекітілсін:
1) осы хаттамаға № 9 қосымшаға сәйкес «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамында корпоративтік басқару жүйесін бағалау» аудиті бойынша есеп;
2) осы хаттамаға № 10 қосымшаға сәйкес «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамында корпоративтік басқару жүйесін бағалау» аудит нәтижелері бойынша түзету және (немесе) алдын алу іс-қимылдарының жоспары.

1. Мыналар бекітілсін:
1) осы хаттамаға № 11 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 2-тоқсандағы «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметі туралы есеп;
2) осы хаттамаға № 12 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 2-тоқсандағы «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі басшысының қызметінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы есеп;
3) осы хаттамаға № 13 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 2-тоқсандағы «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің бас менеджері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы есеп.

2. Осы хаттамаға № 14 қосымшаға сәйкес «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің 2023 жылғы 2-тоқсандағы қызметінің қорытындысы бойынша «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы және бас менеджері Е.С. Даданбаев пен Ш.Б. Кенжегариноваға сыйлықақы берілсін.

1. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының жаңадан құрылатын «Almaty Creative Industries Venture Capital Fund» тікелей инвестициялар қорына қатысуы және «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының «Almaty Creative Industries Venture Capital Fund» тікелей инвестициялар қорына тікелей қатысуының негізгі шарттарын (параметрлерін) бекіту туралы шешім қабылдау туралы» мәселесі бойынша 2023 жылғы 23 ақпандағы шешіміне (№ 02/23 хаттама) (бұдан әрі - шешім) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының «Creative Capital Fund» тікелей инвестициялар қорына қатысуы және «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының «Creative Capital Fund» тікелей инвестициялар қорына тікелей қатысуының негізгі шарттары (параметрлері) осы хаттамаға № 7 қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
2. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 23 ақпандағы шешімімен бекітілген (№ 02/23 хаттама) «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Almaty Creative Industries Venture Capital Fund тікелей инвестициялар қорына тікелей қатысуының негізгі шарттарына (параметрлеріне) осы хаттамаға № 15 қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
3. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы (А.С. Қуатова) осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

2023 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының қазынашылық портфелі бойынша есеп осы хаттамаға № 1 қосымшаға сәйкес мақұлдансын.

«Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен (№ 9/19 хаттама) бекітілген «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамында ішкі аудитті ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар осы хаттамаға № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

мыналар бекітілсін:
1) осы хаттамаға № 3 қосымшаға сәйкес «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 26 шілдедегі шешімімен (№ 15/22 хаттама) айқындалған Директорлар кеңесі бекітуге/қарауға жататын «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесіне толықтыру;
2) осы хаттамаға № 4 қосымшаға сәйкес 2021 жылғы 29 маусымдағы (№ 10/21 хаттама) «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесіне есеп беретін және/немесе бағынысты Ішкі аудит қызметінің және Корпоративтік хатшының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар.

1. Тоқсандық цикл негізінде «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметінің басшысы мен бас аудиторы қызметінің нәтижелілігін жоспарлау және бағалау үшін есепті кезеңнің ұзақтығын айқындау.
2. Мыналар бекітілсін:
1) осы хаттамаға № 5 қосымшаға сәйкес 2024 жылға арналған «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметі басшысының қызметінің негізгі көрсеткіштерінің картасы;
2) осы хаттамаға № 6 қосымшаға сәйкес 2024 жылға арналған «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің картасы.

1. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-бағдарламасы осы хаттамаға № 7 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қызметтің нәтижелілігін басқарудың тоқсандық циклі негізінде «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы мен бас менеджері қызметінің нәтижелілігін жоспарлау және бағалау үшін есепті кезеңнің ұзақтығы айқындалсын.
3. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі басшысының 2024 жылға арналған қызметінің негізгі көрсеткіштерінің картасы осы хаттамаға № 8 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің бас менеджері қызметінің 2024 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің картасы осы хаттамаға № 9 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

1. Бекітілсін:
1) осы хаттамаға №10 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 3-тоқсандағы «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және корпоративтік хатшысының жұмысы туралы есеп;
2) осы хаттамаға №11 қосымшаға сәйкес «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының корпоративтік хатшысы Ж. Изжанованың 2023 жылғы 3-тоқсандағы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нақты нәтижелілігі, орындалуы туралы есеп.
2. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының корпоративтік хатшысы Ж. Изжановаға 2023 жылғы 3-тоқсандағы қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша сыйақы осы хаттамаға №12 қосымшаға сәйкес төленсін.

1. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі Әділ Мұхтарұлы Исмағамбетовтың өкілеттігі 2023 жылғы 1 қарашадан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын (соңғы жұмыс күні – 2023 жылғы 31 қазан).
2. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы (А.С. Қуатова) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының ішкі актілеріне сәйкес, оның ішінде еңбек шартының мерзімінен бұрын бұзылуына байланысты өтемақы төлемін жүзеге асыру бойынша осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

1. Жақсымбай Айтуған Ахметұлы 2023 жылғы 1 қарашадан бастап «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамы Басқармасының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін өкілеттік мерзімімен «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі болып сайлансын.
2. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі Жақсымбай Айтуған Ахметұлының лауазымдық жалақысы осы хаттамаға №13 қосымшаға сәйкес анықталсын.
3. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы (А.С. Қуатова) осы шешімнен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

1) 2023 жылғы 30 қазаннан бастап «А» басқарушы директор Жүнісбекова Айзада Телжанқызының Kazyna Seriktes B.V.-дегі өкілеттігі тоқтатылсын;
2) Мәлібеков Абылай Бақдәулетұлы 2023 жылғы 30 қазаннан бастап Kazyna Seriktes B.V. «A» басқарушы директоры лауазымына тағайындалсын.
3) осы шешім Kazyna Seriktes B.V жалғыз акционерінің шешімі болып табылады.

1. «Baiterek Venture Fund» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшелері Тәжікенов Әсет Елтайұлы пен Исмағамбетов Әділ Мұхтарұлының өкілеттіктері тиісінше 2023 жылғы 19 қазаннан және 2023 жылғы 1 қарашадан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Жақсымбай Айтуған Ахметұлы мен Смағұлов Ермек Серікұлы «Baiterek Venture Fund» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшелері болып осы шешім қабылданған күннен бастап жалпы «Baiterek Venture Fund» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін өкілеттік мерзімімен жалғыз акционердің өкілдері ретінде сайлансын.
3. Осы шешім «Baiterek Venture Fund» акционерлік қоғамының жалғыз акционерінің шешімі болып табылады

1. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 14 тамыздағы (№ 11/23 хаттама) «BV Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бақылау кеңесінің мүшелерін сайлау туралы» мәселесі жөніндегі шешімінің 1-тармағындағы «3 (үш)» деген сан мен сөз «4 (төрт)» деген санмен және сөзбен ауыстырылсын.
2. «BV Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бақылау кеңесінің мүшесі Исмағамбетов Әділет Мұхтарұлының өкілеттігі 2023 жылғы 1 қарашадан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
3. Жақсымбай Айтуған Ахметұлы мен Смағұлов Ермек Серікұлы осы шешім қабылданған күннен бастап жалпы «BV Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бақылау кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін өкілеттік мерзімімен «BV Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бақылау кеңесінің мүшелері болып сайлансын.
4. Осы шешім «BV Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалғыз қатысушысының шешімі болып табылады.

«Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының 2023 жылғы 1-жартыжылдықтағы стратегиялық портфелі бойынша есебі осы хаттамаға № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

1. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының 2024-2033 жылдарға арналған даму стратегиясы осы хаттамаға № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2024 – 2033 жылдарға арналған даму жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен бекітілген күннен бастап күшіне енеді.

«Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы шешімімен (№ 113 хаттама) бекітілген «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының ішкі бақылау жүйесі туралы ережеге осы хаттамаға № 3 қосымшаға сәйкес өзгерістер бекітілсін.

«Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 маусымдағы шешімімен (№ 10/21 хаттама) бекітілген «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқару қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар осы хаттамаға № 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

мыналар бекітілсін:
1) осы хаттамаға № 5 қосымшаға сәйкес «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметінің 2024 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспары;
2) осы хаттамаға № 6 қосымшаға сәйкес 2024 жылға арналған «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының ішкі аудит қызметінің аудит салаларының картасы;
3) осы хаттамаға № 7 қосымшаға сәйкес 2024 жылға арналған «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметі қызметкерлерін кәсіптік оқыту жоспары.

1. Мыналар бекітілсін:
1) осы хаттамаға № 8 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 3-тоқсандағы» Qazaqstan Investment Corporation « акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметінің қызметі туралы есеп;
2) осы хаттамаға № 9 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 3-тоқсандағы» Qazaqstan Investment Corporation « акционерлік қоғамы Ішкі аудит қызметі басшысының қызметінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы есеп;
3) осы хаттамаға № 10 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 3-тоқсандағы «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы есеп.
2. Сыйақы берілсін:

1) осы хаттамаға № 11 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 3-тоқсандағы «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметі қызметінің қорытындылары бойынша «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметі басшысына (С.А. Баширов);
2) осы хаттамаға № 12 қосымшаға сәйкес «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметінің 2023 жылғы 3-тоқсандағы қызметінің қорытындысы бойынша «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметінің бас аудиторына (А.Е. Исмагулова).

1. Мыналар бекітілсін:
1) осы хаттамаға № 13қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 3-тоқсандағы «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметі туралы есеп;
2) осы хаттамаға № 14 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 3-тоқсандағы «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі басшысының қызметінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы есеп;
3) осы хаттамаға № 15 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 3-тоқсандағы «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің бас менеджері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы есеп.
2. Осы хаттамаға № 16 қосымшаға сәйкес «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің 2023 жылғы 3-тоқсандағы қызметінің қорытындысы бойынша «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы және бас менеджері Е.С. Даданбаев пен Ш.Б. Кенжегариноваға сыйлықақы берілсін.

1. Қызметтің нәтижелілігін басқарудың тоқсандық циклі негізінде «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысы қызметінің нәтижелілігін жоспарлау және бағалау үшін есепті кезеңнің ұзақтығы айқындалсын.
2. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысы қызметінің 2024 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің картасы осы хаттамаға № 17 қосымшаға сәйкес бекітілсін.