Директорлар кеңесінің Төрағасы

«Бәйтерек» ҰБХ»
АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

Тимур Онжанов 1984 жылы 28 сәуірде дүниеге келген.

2024 жылғы 14 тамызда «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Онжанов Тимур

Онжанов Тимур 2008 жылы Берн университетін бітірген (Швейцария) іскерлік әкімшілік және экономика саласындағы ғылым бакалавры, 2012 жылы Сент-Галлен университеті (Швейцария) Корпоративтік қаржы, нарықтар & сыртқы сауда (2012).

 Мансаптық жолы:

2013 жылғы шілдеден 2016 жылғы шілдеге дейін Deutsche Bank AG (Франкфурт, Германия) жобалық қаржыландыру мәмілелерін ұйымдастыру бойынша құрылымдық сауда-экспорттық қаржыландыру бөлімінде сату бойынша менеджері болды.

2016 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың маусымына дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) жұмыс істеп, онда активтерді және ірі жеке капиталды басқару жөніндегі қызметтер нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары, активтерді және ірі жеке капиталды басқару жөніндегі қызметтер нарығын дамыту департаментінің директоры, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор, Бас директордың Халықаралық бизнес пен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірінші орынбасары, сондай-ақ АХҚО әкімшілігінің қаржы секторы бойынша бас өкіл - атқарушы директоры лауазымдарын атқарды.

2024 жылғы маусымда Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 18 маусымдағы шешімімен Басқарма мүшесі болып сайланды.

Қосымша лауазымдар атқармайды. Үлестес ұйымдардағы акциялардың үлестеріне иелік етпейді.

Азаматтығы - Қазақстан Республикасы.