- QIC
- / Біз туралы
- / Біздің команда
- / Директорлар кеңесі
- / Канкин Бауыржан Тоқболатұлы
Канкин Бауыржан Тоқболатұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі
Тәуелсіз директор
Канкин Бауыржан Тоқболатұлы
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Директорлар кеңесінің мүшесі
Бауыржан Канкин 1987 жылы 23 маусымда Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген.
Сүлейман Демирел атындағы университетте жоғары білім алып, «Экономика» мамандығы бойынша бакалавриатты тәмамдаған. Содан кейін сол университетте Мaster of Business Administration (MBA) дәрежесін алған, сонымен қатар Stanford GSB Alumni (2024-2025) түлегі.
Өзінің кәсіби мансабын банк және қаржы секторында бастаған. ABN AMRO Bank (Royal Bank of Scotland), содан кейін аудит және қаржылық талдаумен айналысқан Deloitte халықаралық аудиторлық-консалтингтік компаниясында қызмет еткен. Одан әрі Темірбанкте, Қазақстанның Даму Банкінде, Швейцарияның Union Вancaire Privée банкінде, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарында қызмет етті.
Әр жылдары Бауыржан Канкин мынадай лауазымдарды атқарған:
- «Астана ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
- «Shymkent ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы;
- ACF РІТ Tech Garden-де жалпы құны 100 млн АҚШ долларынан асатын 200-ден астам индустриялық және инновациялық жобалардың іске асырылуына жетекшілік еткен бас директор;
- ірі инвестициялық және мемлекеттік-жекешелік жобалардың, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жобалардың басшысы.
Қазіргі уақытта Бауыржан Канкин венчурлік инвестор болып табылады, сондай-ақ клиенттермен жұмыс жөніндегі Бас директор, «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарма мүшесі қызметін атқарады. Ол инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға, клиенттік сервистерді дамытуға, жаңа қатысушыларды тартуға және АХҚО-ның халықаралық қаржы орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтуға жауапты лауазым иесі.
Бауыржан Канкин негізгі қызметінен басқа Қазақстанның инвестициялық саясатын, корпоративтік басқаруын және инновациялық экожүйесін дамытуға байланысты байқаушы және консультативтік органдардың жұмысына да қатысады. Осы жылдар ішінде ол корпоративтік басқару, аудит, қаржы, инвестициялық қызмет және ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласында айтарлықтай тәжірибе жинақтады.
AIX Директорлар кеңесінің құрамына кіреді
Үлестес компаниялардың акцияларына иелік етпейді
Қазақстан азаматы.