EMC Agro фермасын кеңейту жөніндегі инвестициялық жоба пайдалануға берілді

23.09.2021
2021 жылғы тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында шошқа еті мен шұжық өнімдерін өндіру үшін тауарлық табынды союға арналған шошқа фермасын жылына 50 000 бастан 100 000 басқа дейін кеңейту жөніндегі инвестициялық жоба пайдалануға енгізілді. Инвестициялық жобаның жалпы құны 5,2 млрд теңгені, оның ішінде «Baiterek Venture Fund» АҚ инвестициялары 3,9 млрд теңгені құрайды. Қордың қаражаты құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жануарларды асырауға арналған жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ асыл тұқымды мал басын сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталды. Жобаның аясында 270 тұрақты жұмыс орны құрылды. Жоба жоспарлы қуаттылыққа шыққан кезде бюджетке төленетін салық төлемдерінің көлемі жылына 228 млн теңгеден асады, ал өнімді өткізу көлемі 11 млрд теңгеден асады деп күтілуде. Жобаның аясында экспорттық нарықтарға – Ресей Федерациясына және Қытайға шығу жоспарлануда. Қаржыландыру «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. «Baiterek Venture Fund» AO 2014 жылы құрылған, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің компаниялар тобына кіреді. Экономиканың басым секторларындағы жобаларды қаржыландыру арқылы қазақстандық бизнесті қолдау үшін дәстүрлі және балама инвестициялық құралдарды ұсыну қордың миссиясы болып табылады. Қор жобаны іске қосу, дамыту және жетілдіру кезеңдерінде үлестік және борыштық қаржыландыруды ұсыну арқылы шағын, орта және ірі бизнес жобаларын іздестіруді және инвестициялауды жүзеге асырады.

Присоединяйтесь к нашей команде