Қазақстанда алғаш рет тікелей инвестициялар нарығы бойынша есеп дайындалды.

04.09.2019
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Қазақстандағы тікелей инвестициялар нарығын дамыту бойынша қызметі аясында КПМГ жетекші халықаралық консалтинг компаниясымен бірлесіп 10 жыл ішіндегі тікелей инвестициялар нарығы бойынша алғашқы жария есеп дайындалды. Бұл зерттеуде private equity нарығы бойынша сандық деректер, ойыншылар мен мәмілелер бойынша деректер, сондай-ақ нарық қатысушыларының пікірлері қорытылатындықтан бірегей болып саналады. Компания сайтында ашық түрде қолжетімді есеп инвестиция нарығындағы өзекті жағдай бойынша қатты тапшы ақпараттың орнын толтырады. Есепті дайындау шеңберінде ақпаратты жинау және талдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді: 2008-2018 жж. кезеңінде тікелей инвестициялар нарығының негізгі ойыншыларының белсенділік деңгейі және қызметі туралы деректер келтірілген, тежеуші факторларды анықтау және тікелей инвестициялар нарығын дамыту бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін private equity нарығының 35 қатысушысы және 100-ден астам кәсіпкер арасында сауалдама жүргізілді. Жүргізілген зерттеу нарықтың экожүйесін жақсартуға ненің ықпал ететіні туралы негізгі ақпаратты береді, нарықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді. Private equity нарығына зерттеуді ұйымдастыруға нарықтың дамымаған экожүйесі, мәмілелер бойынша ашық ақпараттың болмауы себеп болды. «Бүгінде Қазақстанда экономиканың жекеше секторын дамыту мәселесі өте өзекті тұр. Халықаралық тәжірибеге сәйкес тікелей инвестициялар құралы бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ұсына отырып, оң өзгерістердің катализаторы бола алады. Алайда Қазақстанда тікелей инвестициялар нарығын дамытудың басты проблемаларының бірі ақпараттың жетіспеушілігі болып табылады. Бұдан басқа, осы кезге дейін мәмілелердің көлемі туралы, не басқа да индикаторлар туралы деректер болған жоқ. Біз нарықтың ірі өкілі ретінде бұл зерттеуді бұрыннан өткізгіміз келген еді және осы Есеп пайдалы болады деп сенеміз», – деп атап өтті «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы Ардақ Қасымбек. Алынған деректер тікелей инвестициялар нарығының негізгі проблемаларын анықтаумен қатар, оны одан әрі дамыту мүмкіндігін де көрсетіп берді. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ бастамасы бойынша орындалған зерттеу нарықтарды зерттеуге, жергілікті және шетелдік инвесторларға жолсілтем беруге бағытталған алғашқы ауқымды әрекет.

Присоединяйтесь к нашей команде