- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / Қазақстанда дайын жартылай фабрикаттар шығаратын алғашқы жоғары технологиялық зауыт іске қосылды
Қазақстанда дайын жартылай фабрикаттар шығаратын алғашқы жоғары технологиялық зауыт іске қосылды
Ақмола облысының Қосшы қаласында «IL-TOV» ЖШС Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде тауықтың төс етінен дайын жартылай фабрикаттар шығаратын алғашқы жоғары технологиялық зауыт іске қосылды.
Жоба «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) қолдауымен іске асырылды.
Азық-түлік желісінде котлеттер, шницельдер, митболдар, стриптер мен наггетстер 100% дайын болады да, кейіннен жедел мұздатуға ұшырайды.
Шикізат ретінде жаңа зауыт бұрын «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қаржыландырған «Макинск құс фабрикасы» ЖШС өнімдерін пайдаланады.
Зауыттың ашылуы 90 жаңа жұмыс орнын құруға және негізінен Қосшы тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта өндірістік желінің қуаты жылына 3 346 тонна дайын өнімді құрайды.
Осы уақытқа дейін «IL-TOV» ЖШС өндіретін өнімге ұқсас өнім Қазақстанға көрші елдерден толықтай импортталып келгенін атап өту маңызды.
Ал, 2023 жылғы қыркүйектегі халыққа Жолдауында ҚР Президенті Қ. - Ж. Тоқаев Қазақстанның импорттық жеткізілімдерге тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік беретін жергіліктендіру үлесі жоғары өндірістерді құру қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде, «IL-TOV» ЖШС қазақстандық өніммен импортты толығымен алмастыруға қол жеткізіп, болашақта зауыттың өндірістік қуатын жылына 10-12 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл ретте қызметкерлер штатын 150 жұмыс орнына дейін ұлғайту жоспарда бар.
Анықтамалық ақпарат:
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту негізгі миссиясы болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ сайтынан көруге болады.
Присоединяйтесь к нашей команде