Qazaqstan Investment Corporation Басқарма төрағасы GITEX AI Kazakhstan халықаралық форумына қатысты.

05.05.2026
Qazaqstan Investment Corporation Басқарма төрағасы GITEX AI Kazakhstan халықаралық форумына қатысты.

Qazaqstan Investment Corporation Басқарма төрағасы Дидар Қарымсақов жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамытуға арналған GITEX AI Kazakhstan халықаралық форумына қатысты.

Өз сөзінде Орталық Азия «болашақ нарығы» мәртебесінен шығып, жаһандық технологиялық күн тәртібінің өсу нүктесіне айналып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан стартап-экожүйені дамытып, технологиялық капиталдың келуіне жағдай жасап, осы үдерісте өз рөлін қалыптастыруда.

Негізгі назар капиталдың рөліне аударылды: технологиялық әлеует инвестициялық жобалар мен ауқымдалатын бизнес-модельдерге айналған жағдайда ғана тұрақты даму мүмкін болады.

Сондай-ақ деректерден бастап инфрақұрылымға дейінгі құн тізбегін қалыптастыру құралы ретінде суверенді жасанды интеллект тұжырымдамасына ерекше мән берілді.

Дидар Қарымсақовтың айтуынша, бүгінгі таңда негізгі инвестициялық әлеует қолданбалы AI шешімдерінде шоғырланған, ал келесі кезең дата-орталықтар мен есептеу қуаттарын дамытумен байланысты.

Qazaqstan Investment Corporation институционалдық инвестор ретінде технологиялық әлеуетті инвестициялық жобаларға айналдыруға және өңірде тұрақты AI-экожүйені дамытуға ықпал етеді.

Присоединяйтесь к нашей команде

Кеңес алуға арналған чат-бот

Кеңес ал!