- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Tansar Capital Investors Annual Meeting 2026 іс-шарасына қатысты
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Tansar Capital Investors Annual Meeting 2026 іс-шарасына қатысты
Алматы, 2026 жылғы 6 мамыр — «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) Swissôtel Almaty алаңында өткен Tansar Capital Investors Annual Meeting 2026 жыл сайынғы инвестициялық конференциясына қатысты.
Іс-шара аясында QIC Басқарма төрағасының орынбасары Ғаббас Ғалымбекұлы Ержанов және QIC Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, мүшесі Марсия Элизабет Кристиан Фавале «Орталық Азияның инвестициялық экожүйесін дамытудағы жеке капиталдың рөлі» тақырыбындағы панельдік сессияда сөз сөйледі.
Пікірталас барысында қатысушылар Орталық Азияның әлі де инвестиция жеткіліксіз тартылған өңір болып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар нарық бір реттік мәмілелерден платформалық инвестициялауды қоса алғанда, неғұрлым құрылымдалған модельдерге кезең-кезеңімен көшіп келеді.
Өз сөзінде Ғ. Ержанов тікелей инвестициялар мен венчурлік капитал нарығын қалыптастыруда жүйелі рөл атқаратын институционалдық инвестор ретіндегі QIC қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды. Компания инвестициялық қорлар мен басқарушы компанияларды басқаруға қатысады, жергілікті басқарушы командаларды дамытады және Alem Ventures Fund бастамасына қатысу арқылы венчурлік экожүйенің қалыптасуына ықпал етеді.
Халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне, оның ішінде Қытай Халық Республикасының мемлекеттік қаржы және инвестициялық институттарымен өзара іс-қимылға, сондай-ақ QIC тобының басқарушы компаниялары арқылы бірлескен бас серіктестік (co-GP) форматындағы жаңа инвестициялық платформаларға қатысуға ерекше назар аударылды.
Ғ. Ержанов акционер – «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-ның қолдауымен 2025 жылы QIC нақты сектор жобаларына 1 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция бағыттағанын атап өтті.
Оның айтуынша, өңірге институционалдық капиталдың келуін шектейтін негізгі факторлардың бірі – инвестициялық ортаның жетілу деңгейі.
«Негізгі сын-қатер – расталған track record-ы бар басқарушылар санының шектеулілігі, нарықтың жеткілікті терең болмауы, сондай-ақ ашық қағидалардан бастап түсінікті шығу стратегияларына дейінгі сенім инфрақұрылымын қалыптастыру қажеттілігі».
Ол сондай-ақ институционалдық инвесторлардың рөлінің өзгеріп жатқанын атап өтті:
«Бүгінде біздің міндетіміз – тек инвестиция салу ғана емес, сонымен қатар нарықты қалыптастыру: халықаралық капиталды тарту, басқарушы командаларды дамыту және ауқымдауға болатын инвестициялық платформаларды құру».
Сонымен қатар private equity және венчурлік капитал нарықтарындағы мемлекеттік инвестициялық институттардың қызметі бірқатар шектеулермен байланысты екені атап өтілді. Сонымен бірге субсидиялау мен шағын және орта бизнесті қолдауды ынталандыруды қамтитын мемлекеттік қолдау шаралары сектордың одан әрі дамуына берік негіз қалыптастырады.
«Институттың мемлекеттік табиғатына байланысты объективті шектеулерге қарамастан, біз тұрақты даму траекториясындамыз және қолда бар құралдарды барынша тиімді пайдалануға ұмтыламыз», – деді Ғ. Ержанов.
«Ұлттық инвестициялық холдинг «Бәйтерек» АҚ құрылымына кіретін «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ private equity және венчурлік капитал нарығын дамытуға, жеке және халықаралық капиталды тартуға, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азияның орнықты инвестициялық экожүйесін қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бастамаларды іске асыруды жалғастырады.
Присоединяйтесь к нашей команде