QIC Басқарма Төрағасы болып Ерболат Жолат тағайындалды

05.12.2023
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен 2023 жылғы 4 желтоқсаннан бастап «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма Төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Жолат Ерболат Бауыржанұлы тағайындалды.

Ерболат Жолаттың заң және экономикалық білімі, сондай-ақ іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бар. Бизнес-құрылымдарда, қаржы саласындағы квазимемлекеттік секторда, оның ішінде басшылық позицияларда үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы бастады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ сияқты компаниялар топтарында корпоративтік секторда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2015 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да жұмысқа кірісіп, әр уақытта әр түрлі басқарушылық лауазымдарды атқарды. «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-да 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Басқарма Төрағасы болып тағайындалғанға дейін «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Присоединяйтесь к нашей команде