Қазақстандық өнертапқыштар мүгедектер арбасына электр жетегін әзірледі

26.04.2018
Назарбаев университетінің жас өнертапқыштары қалыпты механикалық мүгедек арбалары үшін кірістірілген электр жетегін ойлап тапты. Электр жетегі механикалық кресло арбаны моторландыруға мүмкіндік береді, ол жаңа электр арбасын сатып алғаннан гөрі, қарапайым және қолайлы. Жоба өздігінше қозғала алмайтын адамдардың өмірін қолжетімді етеді. «Қазына Капитал Менеджмент» «10 игі іс» акциясының шеңберінде Назарбаев университетінің әлеуметтік стартапын қолдады. Ұжым өкілдерінің айтуынша, бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қосқан үлестері болып табылады, алға қойған мақсаттарының бірі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған халықтың белсенді әлеуметтік, қайырымдылық және волонтерлік қызметін қалыптастыру. Жақында өнертапқыштар Қазына Капитал Менеджментпен бірлесіп электр мүгедек арбаларын бірінші иеленушілеріне табыстады. «Біз осы команданың мүгедек арбалары үшін электр жетегінің түптұлғасын әзірлеу бойынша стартапын қолдауды ұйғардық. Адамдардың бір-біріне қолдау көрсетуі, әсіресе, дәл қазіргі кезде қолдауды қажет ететін жандар үшін өте маңызды деп есептеймін. Біздің командамыз мүмкіндігі шектеулі адамдарға олардың өмірін қолайлы етуге бар ынтасымен көмектесті», - деп «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Достияров атап өтті.

Присоединяйтесь к нашей команде