• QIC
  • / Жаңалықтар мен инсайттар
  • / «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Сиань қаласында (ҚХР) салалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған «Invest in China – Choose Shaanxi» конференциясына қатысты

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Сиань қаласында (ҚХР) салалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған «Invest in China – Choose Shaanxi» конференциясына қатысты

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Сиань қаласында (ҚХР) салалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған «Invest in China – Choose Shaanxi» конференциясына қатысты

Қытай, Сиань, 2026 жылғы 16 қыркүйек

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) делегациясы салалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған «Invest in China – Choose Shaanxi» конференциясына қатысты. Іс-шара аясында QIC Басқарма төрағасының орынбасары Ғаббас Ержанов «The Special Matchmaking Session on Advanced Manufacturing Industry Chains» панельдік сессиясында сөз сөйледі.

Өз сөзінде Ғаббас Ержанов QIC, «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдарының негізгі қызмет бағыттарын таныстырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті.

Бүгінде «Бәйтерек» холдингі Қазақстанның қаржылық инфрақұрылымының негізгі институты. Холдингтің басқаруындағы активтерінің (AUM) көлемі шамамен 44 млрд АҚШ долларын құрайды. Холдинг капитал тартуды, ұзақ мерзімді қаржыландыруды және бизнесті дамыту мен инвестицияларды қолдауды қамтамасыз етеді.

WhatsApp Image 2026-09-16 at 16.14.10.jpeg

QIC – қорлар қоры және Қазақстандағы private equity нарығын дамытуға жауапты негізгі институт. QIC портфеліне жалпы AUM көлемі 3,9 млрд АҚШ доллары болатын 18 тікелей және венчурлік инвестициялар қоры кіреді. QIC инвестициялық платформасы арқылы экономиканың түрлі секторларында шамамен 150 жоба іске асырылды.

QIC өкілі Қазақстанмен инвестициялық өзара іс-қимылдағы қытайлық әріптестердің рөлі артып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын таныстырды. Олар көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мен өнеркәсіптік кооперациядан бастап, жоғары технологиялар мен энергетикаға дейінгі бағыттарды қамтиды.

WhatsApp Image 2026-09-16 at 16.14.10 (1).jpeg

Қазіргі уақытта QIC CITIC Group, Silk Road Fund, China Development Bank, ICBC, Sinosure және басқа да жетекші қытайлық инвестициялық және қаржы институттарымен ынтымақтастық орнатқан. QIC Басқарма төрағасының орынбасарының айтуынша, серіктестікті одан әрі кеңейту ұзақ мерзімді капитал тартуға, технологиялар трансферіне және өндірістерді жергіліктендіруге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі «Бір белдеу – бір жол» бастамасы және Транскаспий халықаралық көлік бағыты, яғни Орта дәліз аясында көлік-логистикалық байланыстылықты дамыту.

Энергетикалық ынтымақтастыққа да ерекше мән беріледі. Іске асырылып жатқан бастамалардың қатарында China Huadian Overseas Investment пен QIC қатысуымен Ақтау қаласында қуаты 160 МВт бу-газ электр станциясын салу жобасы бар. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 200 млн АҚШ долларынан асады. Жоба энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыруға және қажетті теңгерімдеуші қуаттарды қамтамасыз етуге бағытталған.

Сөзінің соңында Ғаббас Ержанов Еуразияның заманауи құн жасау тізбектерін қалыптастырудағы Шэньси провинциясының ерекше рөлін атап өтіп, Қазақстанның Қытайды Еуропамен және кеңірек еуразиялық кеңістікпен байланыстыратын стратегиялық платформа ретіндегі маңызын атап көрсетті.

Тараптар екі елдің капиталын, технологиялары мен сараптамасын біріктіретін бірлескен бастамалар бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті. Ынтымақтастықтың келешектегі бағыттары жаңа өндірістік қуаттарды құру мен инфрақұрылымды дамытудан бастап, қазақстандық және қытайлық компанияларды өңірлік және жаһандық құн жасау тізбектеріне интеграциялауға дейінгі жобаларды қамтиды.

Присоединяйтесь к нашей команде

Кеңес алуға арналған чат-бот

Кеңес ал!