Qazaqstan Investment Corporation TVM Capital Healthcare Partners халықаралық басқарушы компаниясымен келісімге қол қойды

01.06.2023

2023 жылғы 22 мамырда Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб пен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы шеңберінде «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ TVM Capital Healthcare Partners халықаралық басқарушы компаниясымен TVM Healthcare SEA Fund тікелей инвестициялар қорына (бұдан әрі – Қор) Қоғамның қатысуының негізгі шарттары туралы келісімге (Term sheet) қол қойды.

2023 жылғы 22 мамырда Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб пен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы шеңберінде «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ TVM Capital Healthcare Partners халықаралық басқарушы компаниясымен TVM Healthcare SEA Fund тікелей инвестициялар қорына (бұдан әрі – Қор) Қоғамның қатысуының негізгі шарттары туралы келісімге (Term sheet) қол қойды.

Қордың қызметі ауруларды диагностикалау, емдеу, оңалту, цифрлық медицина, медициналық аспаптар, диагностикалық жабдықтар мен фармацевтикалық препараттар өндіру жөніндегі мамандандырылған клиникаларды дамытуға баса назар аудара отырып, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қаржыландыруға бағытталады.

QIC ынтымақтастығы басты мақсаттарының бірі Қазақстанға назар аудара отырып, таяу болашақта Орталық Азия елдеріндегі денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қаржыландыруға бағдарланған тікелей инвестициялар қорын құру үшін қаражат пен серіктестерді тартуды көздейді.

Келісім шеңберінде QIC денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық стартап жобаларды қолдау тетігін пилоттық сынақтан өткізеді, бұл стартаптарға Қордың портфельдік компаниялары өз қызметтері мен технологияларын сатып алу арқылы өз өнімдерін ірі Азия нарықтарында масштабтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, белгіленген серіктестік TVM Healthcare SEA Fund портфельдік компанияларында 20 медициналық маман үшін конкурстық негізде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Жаңа қор шеңберінде TVM Capital Healthcare Partners компаниясымен ынтымақтастық денсаулық сақтау саласындағы отандық жоғары технологиялық жобаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді және елдер арасындағы инвестициялық ағындардың өсуіне оң әсер етеді.

Анықтама түрінде: 1983 жылы Германияда құрылған TVM Capital Healthcare Partners (бұдан әрі – Компания), 35 жылдық инвестициялық тәжірибесі бар жоғары мамандандырылған халықаралық инвестициялық компания, дамушы нарықтарда денсаулық сақтау саласындағы компанияларға инвестицияларды жүзеге асырады. Жұмыс барысында Компания фармацевтикалық препараттарды, деректерді интеллектуалды талдау шешімдерін, бүйрек және қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған биофармацевтикалық шешімдерді, асқазан-ішек жолы эндоскопиясын, онкологиялық қызметтерді және цифрлық медицинаны дамытуға бағытталған 250-ден астам компанияны қаржыландырды.

Компания мінсіз инвестициялар бойынша тарихи жоғары кірістілік көрсеткіштерін көрсетеді. Осылайша, Компания қорларының таза ішкі кірістілік нормасы (IRR) 2.6х кірістілік мультипликаторымен жылына 19,14%-ды құрайды, бұл дамушы нарықтарға бағытталған халықаралық қорлар арасындағы ең үздік көрсеткіш болып табылады. Компанияның ауқымды серіктестік желісімен және ірі стратегиялық серіктестердің (халықаралық технологиялық корпорациялардың) қолдауымен қатар үлкен инвестициялық тәжірибесі Компанияны денсаулық сақтау саласына инвестициялар саласында халықаралық көшбасшы ретінде көрсетеді.

Бүгінгі таңда Компания TVM Healthcare Afiyah қорына қатысады, оның нысаналы көлемі 250 миллион АҚШ долларын құрайды. Қор Сауд Арабиясында денсаулық сақтау саласындағы компанияларды қолдауға бағытталған.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін құрылған private equity қорларының қоры. QIC қызметі Қазақстанда private equity инфрақұрылымын қалыптастыруға, экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға, жетекші халықаралық тәжірибені пайдалануға және private equity-ге инновациялық білім мен технологияларды трансферттеуге бағытталған. 

Присоединяйтесь к нашей команде