- QIC
- / Біз туралы
- / QIC туралы
- / Корпорация туралы
Корпорация туралы
Миссия
тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салаларды жаңғыртуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу.
жауапты инвестициялау, инновация тұжырымдамасын енгізуге және еларалық инвестициялық ағындарды ұлғайтуға ұмтылатын тұрақты және прогрессивті жоба портфолиосы және инвестициялық серіктестердің кең желісі бар жеке капитал нарығының халықаралық ойыншысы
QIC Пайымдауы
Жалғыз aкционер
QIC-нің жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.
Бәйтерек «ҰБХ» АҚ миссиясы қазақстандық тауарлар мен қызметтер өндірісін қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарында азық-түлік қауіпсіздігін нығайту арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты өсуіне жәрдемдесу болып табылады.
«Бәйтерек» холдингі қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары:
- Кәсіпкерлікті қолдау;
- Үлестік қаржыландыру экожүйесін дамыту;
- Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету.
«Бәйтерек» Холдингі қабылдайтын негізгі шешімдердің арасында QIC қызметінде:
- QIC Жарғысын және ондағы өзгерістерді бекіту;
- QIC Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
- жылдық қаржылық есептілікті және QIC жылдық есебін бекіту;
- дивидендтер мөлшерін бекіту;
- QIC тиесілі барлық активтердің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес немесе одан да көп пайызын құрайтын сомада активтердің бір бөлігін беру (алу) арқылы заңды тұлғаларды, инвестициялық қорларды құруға қатысуы не заңды тұлғалардың, инвестициялық қорлардың қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуы туралы бекіту.
Дивидендтік саясат
Жалғыз акционерге дивидендтер төлеу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, QIC Жарғысымен және БКМ жалғыз акционерінің тиісті шешімдерімен реттеледі.
Жарғылық капитал құрылымы
-
жарғылық капитал ₸ 197 млрд құрайды.
-
тіркелген (жарияланған) акциялардың саны,
түрі – 55 000 000 дана жай акция.
-
жарияланған, бірақ орналастырылмаған
акциялардың саны – 1 414 997 дана жай акция.
-
орналастырылған акциялардың
саны – 53 585 003 дана жай акциялар.
-
бір акцияның номиналдық құны (құрылтайшылар
төлеген кезде) – ₸ 1 000.
Акциялармен берілетін құқықтар:
«Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарға сәйкес Жалғыз акционердің қарауына енгізілетін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құқығы;
QIC-ның таза кірісі болған жағдайда дивидендтер алу құқығы;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте QIC мүлкін тарату кезінде оны алу құқығы.