Ғаббас Ержанов

Басқарма Төрағасының инвестициялық қызмет жөніндегі орынбасары

Басқарма мүшесі

Оның қаржы секторында, соның ішінде бизнес құрылымдары мен квазимемлекеттік компанияларда 20 жылға жуық тәжірибесі бар.



Ғаббас Ержанов

1983 жылы 13 қаңтар дүниеге келген.

Өз еңбек жолын 2005 жылы Астанадағы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" ЖШС-де ерікті ретінде бастаған.

2006 жылы Ғаббас "Қазақстан темір жолы" АҚ-ға қосылып, сегіз жыл ішінде қызметкерлерді дамыту бөлімінің бас маманынан бастап инвестициялық саясат департаментінің бірінші деңгейдегі менеджеріне дейінгі жолдан өтті.

2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ-да жұмыс атқарды, содан кейін "Almex-Baiterek Fund" ЖШС және "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ компанияларында басшылық лауазымдарда қызметін жалғастырды.

2018 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ (Қазіргі Qazaqstan Investment Corporation) басқарушы директоры қызметін атқарды.

Соңғы лауазымы — Бизнес Экспо компаниялар тобында қаржы және корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры.

Габбас АҚШ-тың Корнелль университетінің (Cornell University), Мемлекеттік басқару (қаржы және фискалдық саясат) магистрі (2011 жыл), сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне ие (2005 жыл).

Қазіргі уақытта қосымша қызмет атқармайды.

Басқа ұйымдардың Директорлар кеңесінде жоқ.

Үлестес ұйымдардың тиесілі акцияларының үлесі жоқ.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы.