Ерболат Жолат

Басқарма Төрағасы

Директорлар кеңесінің мүшесі

Оның заңгерлік және экономикалық білімі бар, сонымен қатар Іскерлік басқару магистрі дәрежесі бар. Кәсіпкерлік құрылымдарда, қаржы саласындағы квазимемлекеттік секторда, оның ішінде басшылық қызметтерде жұмыс істеу тәжірибесі мол.

Ерболат Жолат

1981 жылы 30 шілдеде дүниеге келген.

Жеке және квазимемлекеттік секторларда қаржы саласында үлкен жұмыс өтілі бар.

Әр уақытта әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде корпоративтік секторда «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ сияқты компаниялар топтарында басшылық қызмет атқарған.

2020 жылдан бастап «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымында) басқарушы директор позициясында, содан кейін 2023 жылы Басқарма Төрағасы болып тағайындалғанға дейін Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

2021 жылы Директорлар кеңесінің мүшесі болды, ал 2022 жылы «QazTech Ventures» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.

Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап 2022 жылғы дейін «Kazakhstan Project Preparation Fund» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің (аккредитацияның «үштік тәжіне» ие әлемнің үздік бизнес-мектептерінің 1% кіреді) Жоғары менеджмент мектебінің Executive MBA бағдарламасын Master of Business Administration (іскерлік әкімшіліктің шебері) біліктілігімен бітірді, сондай-ақ заңгерлік білімі мен экономика және бизнес бакалаврының біліктілігі бар.

Қазіргі уақытта қоса атқаратын жұмысы жоқ.

Қазіргі таңда қосымша жұмыс атқармайды.

Басқа мекемелерде Директорлар кеңесінде мүшелігі жоқ.

Аффилирленген мекемелер акцияларында үлесі жоқ.

Азаматтылығы - Қазақстан Республикасы.