- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қолдауымен Жамбыл облысында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін жаңа зауыт іске қосылды
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қолдауымен Жамбыл облысында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін жаңа зауыт іске қосылды
Жамбыл облысында жылына 150 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруге арналған жаңа цехтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жоба «Alit Holding» ЖШС тарапынан «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ның ( «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) қолдауымен, «BV Management» ЖШС басқаруындағы тікелей инвестициялар қоры арқылы іске асырылды.
Жаңа өндірісті іске қосу отандық құрылыс материалдарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға, өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға және Қазақстанның импортты алмастыру сегментіндегі позициясын нығайтуға бағытталған.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде елдің оңтүстік өңірлері ALIT сауда белгісімен шығарылатын жоғары сапалы құрғақ құрылыс қоспаларымен қамтамасыз етіліп, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне экспорттық әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік беріледі.
«BV Management» ЖШС Бас директоры Диас Бексолтан атап өткендей, бұл жоба мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы тиімді әріптестіктің үлгісі болып, экономиканы әртараптандыруға, жоғары қосылған құны бар тұрақты өндірістерді құруға және өңірлік өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамытуға өз үлесін қосады.
Жобаның жалпы құны 3,7 млрд теңгені құрады. Жобаны іске асыру аясында өндірістік және қойма ғимараттары салынды, өнімді мөлшерлеу, араластыру және қаптауға арналған заманауи жабдықтар, сондай-ақ арнайы техника сатып алынды. Өндірістік процесс сапа мен энергия тиімділігінің заманауи стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған.
Кәсіпорынды пайдалануға беру нәтижесінде 85 жаңа жұмыс орны құрылып, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.
Жобаның Жамбыл облысында іске асырылуы оның Қазақстанның оңтүстігіндегі тиімді географиялық орналасуымен және негізгі өткізу нарықтарына жақындығымен байланысты. Өнімді өткізу географиясы еліміздің ірі құрылыс орталықтарын — Алматы, Шымкент және Тараз қалаларын қамтиды. Сонымен қатар кәсіпорынның логистикалық артықшылықтары Өзбекстан мен Қырғызстан нарықтарына шығу үшін алғышарттар қалыптастырады, бұл елдерде құрылыс материалдарына сұраныс тұрақты өсуде.
Жоба Жамбыл облысының дамыған шикізат базасына негізделген. ALIT брендімен өндірістің іске қосылуы өңірдің елдегі құрылыс индустриясының негізгі орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтып, аймақ экономикасының тұрақты өсуіне қосымша мүмкіндіктер жасайды.
Анықтама үшін:
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салаларды жаңғыртуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ сайтынан алуға болады.
«BV Management» ЖШС — «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-nың еншілес ұйымы, Қазақстан экономикасының басым секторларында жобаларды іске асыратын жылдам дамып келе жатқан және инновациялық компанияларға инвестицияларды жүзеге асырады.
«Alit Holding» ЖШС — 1996 жылдан бері Қазақстанда құрғақ құрылыс қоспалары мен өзге де құрылыс материалдарын өндіруге маманданған отандық өндірістік компания.
«Alit Holding» ЖШС ALIT компаниялар тобының құрамына кіреді және шикізат өндіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық циклді қамтитын тігінен интеграцияланған бизнес моделін жүзеге асырады.
Присоединяйтесь к нашей команде