«Бәйтерек» холдингінде Наурыз мейрамы атап өтілді

20.03.2022
«Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері екі жылдық карантиннен кейін «Наурыз» мерекесін қуанышпен атап, түрлі іс-шаралар өткізді. Холдинг Басқармасының төрағасы Қанат Шарлапаев барлығын келе жатқан көктем мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде Наурыз адамдарды бір дастархан басына жинап, жақындастыратынын, бейбітшілік пен татулыққа, өзара үйлесімділікке шақыратынын атап өтті. Холдинг компаниялары тобының ұжымдары ұлттық тағамдардан дастархан жайды, ұлттық ойындар жарысын, концерттік бағдарлама ұйымдастырды, «Беташар» дәстүрін көрсетті. Мерекелік іс-шара қызық пен жақсы көңіл-күй сыйлады.

Присоединяйтесь к нашей команде