• QIC
  • / Жаңалықтар мен инсайттар
  • / «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-да Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кездесу өтті

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-да Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кездесу өтті

03.03.2026
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-да Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кездесу өтті

2026 жыл наурыз «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы Дидар Қарымсақов компания және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері алдында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша сөз сөйледі.

Конституцияны жаңарту мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, реттеу сапасын арттыруға және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға негіз қалайды.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ еншілес ұйымы бола отырып, тікелей инвестициялар тарту және орнықты экономикалық өсімді ынталандыру бағытында маңызды міндет атқарады.

Өз сөзінде Дидар Қарымсақов жаңа Конституция жобасы жүйелі әрі кезең-кезеңімен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әзірленгенін атап өтті. Жобаның басты мақсаты – мемлекеттің қызмет етуінің негізгі қағидаттарын жаңарта отырып, сабақтастық пен тұрақтылықты сақтау.

Жоба бір палаталы Парламент – Құрылтайды құруды, заң шығару бастамасы құқығы бар жалпыұлттық диалог алаңы ретінде Халық кеңесін қалыптастыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Вице-президенті лауазымын енгізуді көздейді. Сонымен қатар цифрлық ортадағы адам құқықтарын дамыту мен қорғауға, сот төрелігі жүйесінде адвокатураның рөлін күшейтуге ерекше назар аударылған.

Дидар Қарымсақов 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға әрбір азаматтың қатысуының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – ел үшін маңызды шешімді қабылдауға жеке қатысып, азаматтық жауапкершілікті көрсетуге берілген мүмкіндік.

Присоединяйтесь к нашей команде

Кеңес алуға арналған чат-бот

Кеңес ал!