- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / Алматыда перинаталдық орталықтың ашылу салтанаты өтті
Алматыда перинаталдық орталықтың ашылу салтанаты өтті
02.06.2023
2023 жылғы 1 маусымда Алматы қаласында «Baiterek Venture Fund» АҚ қолдауымен Керуен-Medicus перинаталдық орталығының салтанатты ашылуы өтті.
2022 жылы Baiterek Venture Fund Алматы қаласының Бостандық ауданында перзентхана салуға «Керуен-Medicus» ЖШС-ға 2 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Қордың инвестициялары перинаталдық орталықты салуға және оны кешенді диагностикадан бастап босанғаннан кейінгі оңалтуға дейінгі қызметтердің толық спектрін көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандыруға бағытталды.
Жалпы ауданы 4000 м² жаңа перинаталдық орталыққа емхана және диагностикалық буын, босану және босанғаннан кейінгі бөлімшелер, ота жасау залдары және балалар мен ересектерге арналған реанимация бөлімшелері кіреді. Халыққа акушерлік-гинекологиялық және неонаталдық көмек көрсету үшін перинаталдық орталықта жайлы палаталар көзделген. Орталық жылына шамамен 1600 адамға қызмет көрсете алады деп болжануда. Сондай-ақ, осы жобаны іске асырудың арқасында 150 жаңа жұмыс орны құрылатынын атап өткен жөн.
Анықтама ретінде:
«Baiterek Venture Fund» АҚ – 2014 жылы құрылған тікелей инвестициялар қоры, экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін отандық компанияларға қаржылық қолдау көрсетеді. «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады.
Присоединяйтесь к нашей команде