АО «Qazaqstan Investment Corporation» өкілдері Нью-Йоркте өтіп жатқан GPC 2026 халықаралық конференциясына қатысуда

13.05.2026
АО «Qazaqstan Investment Corporation» өкілдері Нью-Йоркте өтіп жатқан GPC 2026 халықаралық конференциясына қатысуда

Нью-Йорк, АҚШ, 2026 жылғы 12 мамыр - «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғаббас Ержанов және Портфельдік қорлар департаментінің директоры Арсен Джамалбеков Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) әріптестікте ұйымдастырылған GPC 2026 халықаралық инвестициялық конференциясына қатысуда. Іс-шара 2026 жылғы 11-13 мамыр аралығында Нью-Йорк қаласында (АҚШ) өтуде.

GPC 2026 - Солтүстік Америка, Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Латын Америкасы және Африка елдерінен келген институционалдық инвесторларды, жетекші басқарушы компанияларды, тікелей инвестициялар қорларын, кәсіпкерлерді және жаһандық инвестициялық нарықтың өзге де қатысушыларын біріктіретін негізгі халықаралық алаңдардың бірі.

Конференцияға даму институттарының өкілдері, оның ішінде көпжақты және екіжақты қаржы ұйымдары, әл-ауқаттың тәуелсіз қорлары, зейнетақы қорлары және ірі институционалдық инвесторлар қатысуда. Сонымен қатар қатысушылар қатарында private equity, venture capital, impact investing, инфрақұрылымдық инвестициялар және private credit сегменттерінде жұмыс істейтін инвестициялық командалар, тікелей және венчурлік инвестициялар қорлары мен басқарушы компаниялар, сондай-ақ эндаумент-қорлар мен family office құрылымдары бар.

GPC 2026 іскерлік бағдарламасы тұрақты ұзақ мерзімді инвестициялау, инновациялар және технологиялық даму мәселелеріне арналған. Аталған бағыттар жаһандық экономикалық өсімнің негізгі драйверлері ретінде қарастырылуда. Конференцияның негізгі тақырыптары қатарында:

  • private credit нарығының даму перспективалары;
  • табысты инвестициялаудың практикалық тәсілдері;
  • дата-орталықтарды жаһандық деңгейде ауқымдау;
  • инфрақұрылымдық және технологиялық инвестициялар саласындағы заманауи трендтер;
  • халықаралық әріптестікті және трансшекаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бар.

GPC 2026 аясында «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ өкілдері халықаралық қаржы институттарымен және стратегиялық серіктестермен, соның ішінде U.S. International Development Finance Corporation (DFC), International Finance Corporation (IFC), KfW, әл-ауқаттың тәуелсіз қорларымен, тікелей инвестициялар қорларымен, жетекші басқарушы компаниялармен (GPs), сондай-ақ Орталық Азиядағы инвестициялық мүмкіндіктерге қызығушылық танытып отырған өзге де халықаралық инвестициялық платформалармен бірқатар екіжақты кездесулер мен келіссөздер өткізуде.

Конференцияға қатысу халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға, QIC серіктестік желісін кеңейтуге, сондай-ақ инвестицияларды басқару және баламалы инвестициялық құралдарды дамыту саласындағы озық халықаралық тәжірибелерді зерделеуге бағытталған.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ халықаралық инвестициялық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жүйелі түрде дамытуды жалғастырып, капитал тартуға, тікелей инвестициялар нарығын дамытуға және Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімін қолдауға ықпал етуде.

Присоединяйтесь к нашей команде

Кеңес алуға арналған чат-бот

Кеңес ал!