Алматының Аймақтық диагностикалық орталығы 1,6 млрд теңге инвестиция тартты

20.05.2021
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) Алматы қаласындағы қолданыстағы өңірлік диагностикалық орталықты дамыту жобасын инвестициялайтыны туралы хабарлайды. Мәміле «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Baiterek Venture Fund» АҚ тікелей инвестициялар қоры, «Z-Invest» ЖШС капиталына кіру арқылы Жеңілдікті қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Қор тарапынан инвестициялар көлемі жылдық 8% мөлшерлемемен 1 650 000 000 теңгені құрады. Жобаны іске асыру жедел гинекологиямен, ересектер мен балалар урологиясымен, қан тамырлары хирургиясымен, травматологиямен, проктологиямен, пластикалық хирургиямен, ересектер мен балалар офтальмологиясымен, сондай-ақ заманауи менеджмент пен жаңа медициналық жабдықты пайдалану арқылы медициналық оңалту мен қалпына келтіру емімен байланысты көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен санын жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «Өңірлік диагностикалық орталық» ЖШС клиникалық-диагностикалық және стационарлық медициналық қызметтердің 872 атауын көрсетеді. Жобаны іске асыру жаңа қызметтердің 50 түрін енгізуге және қосымша 220 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. «Өңірлік диагностикалық орталық» ЖШС-да медициналық қызмет алған науқастардың нақты саны бүгінгі күні 128 мың адамды құрады. Қызмет көрсетілетін халықтың саны 2024 жылға қарай 305 мың адамға дейін ұлғаяды деп күтілуде. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры, оның негізгі мақсаты Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту болып табылады. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты мына сайттан табуға болады: kcm-kazyna.kz. «Baiterek Venture Fund» АҚ - 2014 жылы құрылған тікелей инвестициялар қоры Қазақстан экономикасының басым салаларында жұмыс істейтін отандық компанияларға қаржылық қолдау көрсетеді. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ 100% еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты мына сайттан табуға болады: kcm-kazyna.kz. «Өңірлік диагностикалық орталық» ЖШС - еліміздің 30-дан астам мамандық бойынша консультативтік - диагностикалық қызмет көрсетуде 30 жылдық тәжірибесі бар медициналық орталығы. Қазақстан халқына, сондай-ақ жақын және алыс шетел азаматтарына заманауи деңгейде мамандандырылған консультативтік-диагностикалық және емдік көмек көрсетеді.

Присоединяйтесь к нашей команде