- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / QIC құқықтық мәдениетті нығайтуды жалғастыруда: Қоғамда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған семинар өтті
QIC құқықтық мәдениетті нығайтуды жалғастыруда: Қоғамда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған семинар өтті
«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-тың еншілес ұйымы - «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-та (QIC, Қоғам) Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелері мен ұлттық заңнамадағы өзгерістерге арналған семинар өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының өкілдері – өтініштерді алдын ала зерделеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Эльмира Қалиева және талдау мен конституциялық іс жүргізу бөлімінің талдаушысы Денис Финк қатысты.
Семинарды ашу барысында QIC өкілдері Конституцияның мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы екенін және оның ережелерін түсіну мемлекеттік органдар үшін де, квазимемлекеттік сектор ұйымдары үшін де маңызды екенін атап өтті.
Семинар аясында Эльмира Қалиева «Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы» тақырыбында баяндама жасап, Конституцияның құқықтық мемлекетті дамытудағы рөліне, оның негізгі қағидаттарына және мемлекеттік институттардың тиімді қызмет етуіндегі маңызына тоқталды.
Денис Финк «Жаңа Конституция – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуының негізгі кепілі» тақырыбында баяндама жасап, негізгі конституциялық өзгерістерге, адам құқықтарын қорғау тетіктеріне және жүргізілген конституциялық реформаның Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңызына жан-жақты тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар жаңартылған конституциялық нормаларды қолданудың практикалық аспектілерін талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының өкілдерінен тиісті түсіндірмелер алды.
«Біз үшін әрбір қызметкердің Конституция мәтінімен таныс болуы ғана емес, енгізілген өзгерістердің мәнін түсініп, осы білімді күнделікті жұмысында қолдана білуі маңызды», – деп атап өтті Қоғамда.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, конституциялық құндылықтарды түсінуді нығайтуға және қолданыстағы заңнама нормаларын қолдануда бірыңғай тәсілді қалыптастыруға ықпал етеді.
Присоединяйтесь к нашей команде