QIC және Sturgeon Capital Ltd венчурлік қорын құру туралы келісімге қол қойды

14.02.2024

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) және Sturgeon Capital Ltd халықаралық басқарушы компаниясы Sturgeon Emerging opportunities II LP (Қор) венчурлік қорын құру туралы уағдаласты.

Құжатқа QIC басқарма төрағасы Ерболат Жолат және Sturgeon Capital Ltd. басқарма төрағасы Киян Зандие (Kiyan Zandiyeh) қол қойды.

Қол қою рәсімі Sturgeon Capital Ltd. басқаратын инвесторлардың, серіктестердің және портфельдік компаниялардың жыл сайынғы кездесуі аясында өтті.

Қор pre-Seed, Seed, A, B кезеңдерінде әртүрлі ІT секторларындағы жобаларды қаржыландырады деп жоспарланған.

«Қазақстанға шетелдік инвестиция тарту – Qazaqstan Investment Corporation негізгі міндеттерінің бірі. Біз бұл жұмысты жалғастырудамыз және Sturgeon Capital-пен ынтымақтастық аясында қазақстандық IT-жобаларды дамытуға қосымша қаражат, соның ішінде шетелдік қаржы да инвестицияланатынына қуаныштымыз. Жалпы, Qazaqstan Investment Corporation Sturgeon Capital Ltd компаниясымен бірлескен жұмысы күтілуде. қорға институционалдық инвесторлардың, сондай-ақ ірі жеке шетелдік инвесторлардың қосылуына әкеп соғады», - деді өз сөзінде  Е.Жолат.

«Біз Qazaqstan Investment Corporation компаниясын өз серіктесіміз деп санайтынымызға қуаныштымыз. Қазақстанның венчурлік нарығы белсенді дамып келеді және біздің ынтымақтастығымыз оған қосымша серпін беретініне сенімдімін. Бұған қоса, Қазақстан Орталық Азия нарығына қосылу нүктесі екенін атап өтіп, біз осы  өңірдегі перспективалы жобаларды қарастыратынымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті К.Зандие.

Құжатқа сәйкес Қордың негізгі географиялық мандатын Қазақстан мен Орталық Азия елдері құрайды.

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ- ұлттық экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін құрылған private equity қорларының қоры. Біздің қызметіміз Қазақстанда private equity инфрақұрылымын қалыптастыруға, экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға, жетекші халықаралық тәжірибені пайдалануға және private equity-ге инновациялық білім мен технологияларды трансферттеуге бағытталған.

Sturgeon Capital Ltd. - штаб-пәтері Ұлыбританияда орналасқан, Инвестицияларды басқаратын компания. 2006 жылдан бастап инвестициялық қорларды басқарады, сонымен қатар инвестициялық стратегиялар мен консалтингтік қызметтерді ұсынады.

Присоединяйтесь к нашей команде