Qazaqstan Investment Corporation ESG ақпаратын ашу саласында көшбасшы ретінде танылды

13.06.2024

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - QIC) ESG ақпаратын ашу саласында көшбасшылардың білі болып танылды. Бұл туралы Central Eurasian Venture Forum 2024 ұсынылған MOST Holding зерттеуі хабарлайды

«ESG факторларын бағалау және олардың Қазақстанның түрлі салаларындағы венчурлік инвестициялар мен нарыққа әсері» зерттеуі экономиканың 10 жетекші саласынан 38 компанияны қамтыды. 

Зерттеудің нәтижелеріне сәйкес, QIC – ESG принциптерін өз қызметіне сәтті біріктірген компанияның үлгісі. QIC ESG ақпаратының ашылу индексі 16,1, орташа бағасы 12,6 болып берілгенде. Экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық аспектілерді басқарудың жүйелі болуының арқасында, QIC инвесторлар мен мүдделі тараптардың сенімін арттыруға ықпал етеді.

Зерттеу шеңберінде ESG-нің венчурлік инвестицияларға әсері, сондай-ақ ESG контекстінде венчурлік капиталисттердің  алдында кездесетін мәселелер мен мүмкіндіктер зерттелді.

Еске сала кетейік, 2023 жылы QIC алғаш рет Sustainable Fitch агенттігінен тұрақты даму рейтингіне 59 жалпы балмен «3» деңгейінде ие болды. Бұл рейтинг QIC-тің тұрақты даму қағидаттарына берік бейілділігін көрсетеді.

Есепке сәйкес, ESG принциптерін белсенді енгізген компаниялар венчурлік инвестицияларды тартуда және бәсекелестікті арттыруда артықшылықтарға ие болады.

Зерттеумен mostfund.vc сайтында танысуға болады.

Присоединяйтесь к нашей команде