- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / Qazaqstan Investment Corporation Central Eurasian Venture Forum 2024-ке қатысты
Qazaqstan Investment Corporation Central Eurasian Venture Forum 2024-ке қатысты
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - QIC) MOST Holding және Investbanq ұйымдастырған Central Eurasian Venture Forum 2024-ке қатысты
Форум алаңында QIC тәуелсіз директоры және DCVC Bio инвестициялық директоры Анна Фокина, QIC басқарушы директоры Нұржан Қадіркей, сондай-ақ QIC BGlobal Ventures еншілес ұйымының бас директоры Абай Абсамет сөз сөйледі.
«Жалғыз мүйіздіге қалай мінуге болады?» басты тақырыбының шеңберінде QIC спикерлері Орталық Азия өңірінің даму перспективаларын талқылады, шетелдік инвестицияларды тарту, инновациялық жобаларды қолдау және олардың халықаралық нарыққа шығуын ынталандыру тәжірибесімен бөлісті.
Талқылау барысында QIC-дің стартаптарды қолдау үшін венчурлық қорлар құру бойынша нәтижелері мен жоспарлары ұсынылды. Венчурлық қорларды құру жобаларға қажетті капитал мен сараптамалық қолдау көрсету, сондай-ақ стартаптарға жаһандық деңгейге шығуға көмектесетін Халықаралық инвесторларды тарту мүмкіндігі арқылы инновацияларды ынталандырады.
Айта кету керек, QIC қорлары жалпы сомасы 4,5 млн АҚШ долларынан асатын 40-қа жуық қазақстандық стартапты қаржыландырды. QIC оқыту бағдарламаларын жүргізуден бастап стартап-жобаларды қаржыландыруға және халықаралық инвесторларды бірлесіп қаржыландыруға тартуға дейін қазақстандық венчурлік қоғамдастыққа қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсете отырып, венчурлік қаржыландыру нарығын дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Анықтамалық ақпарат:
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан табуға болады.
BGlobal Ventures – миссиясы Қазақстанда және Орталық Еуразия өңірінде венчурлік инвестициялар нарығын дамыту болып табылатын, 2022 жылы 22 желтоқсанда құрылған «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ еншілес ұйымы.
BGlobal Ventures қызметінің негізгі бағыттары:
1. Орталық Еуразия аймағынан стартаптарға инвестициялау үшін венчурлік қор құру және басқару.
2. Оқыту және бірлесіп инвестициялау тетіктері арқылы бизнес-періштелер нарығын дамыту.
3. «Fund of Funds for Emerging GPs» Венчурлық қор менеджерлерін даярлау және бірлесіп инвестициялау тетіктері.
Қосымша ақпаратты https://bglobal.vc/ сайтынан табуға болады.
DCVC Bio – АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан венчурлық қор. DCVC медициналық технологияларға, ауыл шаруашылығына және биотехнологияларға инвестициялауға бағытталған.
Қосымша ақпаратты https://www.dcvc.com/bio/ сайтынан табуға болады.
Присоединяйтесь к нашей команде