• QIC
  • / Жаңалықтар мен инсайттар
  • / «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ «EMC Agro» ЖШС-тың шошқа фермасын жылына 100 000 бас тауарлық табынға дейін кеңейту жобасына қаржылық қолдау көрсетті

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ «EMC Agro» ЖШС-тың шошқа фермасын жылына 100 000 бас тауарлық табынға дейін кеңейту жобасына қаржылық қолдау көрсетті

05.11.2025
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ «EMC Agro» ЖШС-тың  шошқа фермасын жылына 100 000 бас тауарлық табынға дейін кеңейту  жобасына қаржылық қолдау көрсетті

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) «EMC Agro» ЖШС-тың шошқа фермасын жылына 100 000 бас тауарлық табынға дейін кеңейту жобасынан табысты түрде ішінара   шыққандығы туралы хабарлайды.

Жоба 2019 жылы «Baiterek Venture Fund» АҚ (BVF, QIC еншілес ұйымы) арқылы қаржыландырылды және 2021 жылдың тамызында пайдалануға берілді. Келісімге сәйкес «KazFoodProducts» ЖШС компаниялар тобы алты жылдан кейін 5,6 млрд теңге сомасына BVF үлесін кері сатып алуды жүзеге асырды.

Бұл серіктестік «EMC Agro» ЖШС-тың өндірістік қуаттарды ұлғайту және ет өнімдері нарығындағы өз позициясын нығайту жөніндегі жобасының мақсаттарын іске асыруда маңызды рөл атқарды. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірістік ет өнімінің көлемі 12,2 млрд теңгеге 8475 тоннаны құрады, 300-ден астам жұмыс орны құрылды, компанияның жыл сайынғы салық түсімдерінің көлемі 300 млн теңгені құрайды.

Қазақстанның түрлі өңірлерінде — Астана, Алматы, Көкшетау, Петропавл және Щучинск қалаларында 13 фирмалық сауда нүктелері ашылды.

2024 жылдың желтоқсан айынан бастап Компания ет өнімдерінің экспортын таяу шет елдерге: Армения, Грузия, Қырғызстан және Өзбекстанға қарай кеңейтуде. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша экспорт көлемі 918 млн теңгеге 1 067 тоннаны құрады.

Сонымен қатар, Компания қытай нарығына шығуға мүмкіндік беретін ҚХР ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілердің тізіліміне енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. FSSC 22000 халықаралық сапа сертификатының болуы өнімнің әлемдік стандарттарға сәйкестігін растайды және экспорттық бағыттардың кеңеюіне ықпал етеді.

Агроөнеркәсіптік кешен - QIC жобаларын қаржыландырудың басым бағыттарының бірі. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында жетекші ауыл шаруашылығы өндірушілерінің табысы тік интеграция — өнімді өсіруден бастап оны терең өңдеуге дейінгі толық өндірістік цикл есебінен қамтамасыз етілетіні атап өтілді.

QIC бизнес ауқымын кеңейтуге және отандық агроөнімнің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал ете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржылай қолдауды жалғастыруға ниетті.

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салаларды жаңғыртуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ сайтынан алуға болады.

«Baiterek Venture Fund» АҚ«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-nың еншілес ұйымы, Қазақстан экономикасының басым секторларында жобаларды іске асыратын жылдам дамып келе жатқан және инновациялық компанияларға инвестицияларды жүзеге асырады.

«EMC Agro» ЖШС - ет өнімдерін өсіруді, өсіруді, союды, өңдеуді және сатуды қамтитын тігінен интеграцияланған өндіріс циклі бар кәсіпорын. Өндірістік қуаттар Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында орналасқан.


Присоединяйтесь к нашей команде

Кеңес алуға арналған чат-бот

Кеңес ал!