Qazaqstan Investment Corporation Digital Bridge 2025 технологиялық форумына қатысты

08.10.2025
Qazaqstan Investment Corporation Digital Bridge 2025 технологиялық форумына қатысты

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) 2-4 қазанда Астана қаласында өткен Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумына қатысты. Жыл сайын форум дәстүрлі түрде стартаптарды, корпорацияларды, венчурлық қорларды, даму институттарын және халықаралық сарапшыларды жинайды, цифрлық трансформация және жасанды интеллектті Қазақстан экономикасына енгізу перспективаларын талқылау үшін негізгі алаңға айналады.

Digital Bridge 2025 аясында QIC Басқарма төрағасы
Дидар Қарымсақов «Жасанды интеллект және инновациялардың қызметі циклі: Қазақстанның даму институттарының синергиясы» панельдік сессиясына қатысып, оған қатысушылар кешенді тәсілдің, бірыңғай инновациялық циклды қалыптастыру үшін күш-жігерді біріктірудің және елдің технологиялық дамуын жеделдетуге бағытталған тиімді экожүйені құрудың маңыздылығын талқылаған.

QIC «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-пен бірлесіп технологиялық кәсіпкерлік саласында тікелей инвестициялар мен венчурлік капиталды дамытудың ұзақ мерзімді платформасын құру мақсатында елдің жаңа инвестициялық архитектурасын қалыптастырады және дамытады.

Сессия қорытындысында сессия қатысушылары Ғылым, цифрландыру және өнеркәсіп саласындағы даму институттарының стратегиялық әріптестігі туралы меморандумға бірлесіп қол қойды.

3 қазанда Дидар Қарымсақов «Институционалдық капитал арқылы инновацияларды ынталандыру: дамушы нарықтардың венчурлық экожүйелерінің үлгісі ретіндегі Қазақстан қорларының $1 млрд қорлары» панельдік сессиясында сөз сөйледі.

Стартаптарды ілгерілету және масштабтау үшін жағдай жасауға, қазақстандық жобаларды қаржыландырудағы қорлар қорының рөліне, тікелей инвестицияларға және басқа да қолдау құралдарына басты назар аударылды. Өз сөзінде Дидар Қарымсақов «QIC мемлекеттік капитал бірінші болып кіретін, тәуекелдерді төмендететін және жеке халықаралық инвесторлар үшін мәмілелердің тартымдылығын арттыратын бірлескен инвестициялау моделін дамытып жатқанын» атап өтті.

QIC масштабтау сатысында компанияларға инвестиция салатын және олардың халықаралық нарықтарға шығуын қамтамасыз ететін мамандандырылған өсу қорларын құруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Қазақстанда  акселерация мен pre-seed-тен bridge (pre-a), series А қорларына дейінгі кезеңдер бойынша қаржыландырудың үздіксіздігін қамтамасыз ететін Alem Ventures қорларының венчурлық қоры іске қосылды.

Қор Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде қолдауға ие болды, бұл жерде QIC $30 млн инвестиция салып, негізгі инвестор болып отыр, ал бұл өз кезегінде жеке және институционалдық инвесторларды тарту үшін катализаторға айналмақ.

«Біз қорлар арқылы жеке стартаптарға инвестиция салып қана қоймай – біз ел ішінде және одан тыс жерлерде инновациялардың өсуіне және ауқымына ықпал ететін инфрақұрылымды құрып жатырмыз», - деп атап өтті Дидар Қарымсақов.

Сондай-ақ, жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін және үнемі жаңа қорларды іске қосуға мүмкіндік беретін инвестициялардың қайтарымдылығы және кірістерді қайта инвестициялау, өзінің «менеджерлер фабрикасын» дамыту мәселелері талқыланды.

Мұндай шаралар кешені бір реттік инвестициялармен шектеліп қана қоймай, мемлекеттік капитал процесті бастайтын, тәуекелдерді төмендететін және жеке мен халықаралық инвесторлардың келуі үшін ынталандыруды қалыптастыратын тұрақты жүйені құруға мүмкіндік береді.

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салаларды жаңғыртуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан алуға болады.

Присоединяйтесь к нашей команде

Кеңес алуға арналған чат-бот

Кеңес ал!