• QIC
  • / Жаңалықтар мен инсайттар
  • / «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қолдауымен Семей қаласында сұйық өнімдерге арналған картон қаптамасын (Pure-pak) өндіру желісі ашылды

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қолдауымен Семей қаласында сұйық өнімдерге арналған картон қаптамасын (Pure-pak) өндіру желісі ашылды

24.12.2025
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қолдауымен Семей қаласында сұйық өнімдерге арналған картон қаптамасын (Pure-pak) өндіру желісі ашылды

2025 жылғы 23 желтоқсанда Семей қаласында қолданыстағы өндірісті кеңейту шеңберінде сұйық өнімдерге арналған картон қаптамасын (Pure-pak) өндіру жөніндегі жаңа желінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Инвестициялық жобаны «Қазполиграф» ЖШС компаниясы «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) қолдауымен Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде «Baiterek Venture Fund» АҚ тікелей инвестициялар қоры арқылы іске асырды. Қазіргі уақытта жоба «BV Management» ЖШС тұлғасындағы  басқарушы компанияның басқаруында.

Кеңейту жобасын іске асыру өңірдің экономикалық дамуының маңызды драйвері болады, өйткені өндірістің жаңа желісін іске қосу ішкі өндіріс тапшылығын жабу арқылы (импортты алмастыру бағдарламалары шеңберінде) Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар таяу шет елдерге экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Pure-Pak жаңа өндірістік желісі қазіргі заманғы халықаралық сапа және экологиялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді, сондай-ақ жоғары өнімділік пен өнімнің тұрақты сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік өндірушілердің озық технологиялары мен жабдықтарын енгізуді көздейді. Сұйық өнімдерге арналған картон қаптамасының жаңа желісінің өндірістік қуаты (Pure-pak) айына 9 млн данадан 49,5 млн. данаға немесе 5 еседен астам көлемге артты.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ тарапынан жобаны қолдау өңдеу өнеркәсібін дамытуға, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыруға және қосылған құны жоғары тұрақты өндірістік тізбектерді қалыптастыруға бағытталған. «Қазполиграф» ЖШС жобасы өнеркәсіптік секторды дамыту және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға арналған мемлекеттік қолдау механизмдерінің тиімділігін растай отырып, индустриялық маңызы бар бастамаларды іске асыруда мемлекет пен бизнестің табысты өзара іс-қимылының үлгісі болмақ.

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салаларды жаңғыртуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ сайтынан алуға болады.

«Baiterek Venture Fund» АҚ«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-тың еншілес ұйымы, Қазақстан экономикасының басым секторларында жобаларды іске асыратын жылдам дамып келе жатқан және инновациялық компанияларға инвестицияларды жүзеге асырады.

«Қазполиграф» ЖШС — Қазақстан аумағындағы орап-қаптау материалдарының кең спектрінің ірі өндірушісі және В2В секторында өнімдерді сатуға және қызметтер көрсетуге маманданған. Өндірістік база дизайны жасалғаннан бастап тапсырыс берушіге жеткізуге дейінгі қаптама өндірудің толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өндірістік қуаты Абай, Семей қаласында орналасқан.




Присоединяйтесь к нашей команде

Кеңес алуға арналған чат-бот

Кеңес ал!