- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы QIC ұжымымен кездесті
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы QIC ұжымымен кездесті
03.03.2023
3 наурызда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында QIC Басқарма төрайымы Айнұр Қуатова қызметтің негізгі нәтижелерімен және ағымдағы жылға арналған жоспарлармен бөлісті.
«QIC жиынтық инвестиция сомасы 2,4 млрд АҚШ долларын құрайтын 17 қордың қатысушысы болып табылады. QIC портфеліндегі ең үлкен үлесті көлік және логистика секторы – 40%, АӨК – 23% және энергетика – 15% алады. Қоғамның портфелінде 60 жоба бар, оның ішінде Қазақстандағы жобалардың үлесі – 96%. Барлық инвестициялардың 100%-ы Қазақстанның шикізаттық емес секторына тиесілі, бұл ретте әрбір салынған 1 АҚШ долларына QIC халықаралық әріптестердің 2,1 АҚШ доллары қаражатын тартады.
2022 жылы QIC компаниясы UN PRI (UN-supported Principles for Responsible Investment) қауымдастығына кіріп, ТМД-дағы ESG-стандарттарын өз қызметіне енгізу тұжырымдамасын ұстанатын институционалдық инвесторлардың жетекші халықаралық желісіне қосылған алғашқы квазимемлекеттік қаржы институты болды», – деп атап өтті Айнұр Қуатова.
Қоғамның 2023 жылға арналған жоспары – ірі халықаралық инвесторлармен жаңа портфельдік қорлар құру және QIC кэптивтік қорлары арқылы өңдеу секторының жобаларын қаржыландыру.
Қанат Шарлапаев аталған бастамаларды қолдап, Қазақстанда private equity инфрақұрылымын қалыптастырудағы QIC рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Присоединяйтесь к нашей команде