• QIC
  • / Жаңалықтар мен инсайттар
  • / «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы Айнұр Қуатова «Closing the Gender Gap» атты Дүниежүзілік экономикалық форум акселераторы құрамына кірді

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы Айнұр Қуатова «Closing the Gender Gap» атты Дүниежүзілік экономикалық форум акселераторы құрамына кірді

08.11.2021
5 қарашада «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі - экономикалық тұрақтылық пен дамуға жол» атты IV республикалық ауыл әйелдерінің форумы аясында «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ және Қазақстандағы Coca-Cola компаниясының өкілдігі «Closing the Gender Gap» Дүниежүзілік экономикалық форумының акселераторына жаңа қатысушыларды қосу туралы келісімге қол қойды. «Closing the Gender Gap» акселераторы экономикадағы гендерлік алшақтықты жою мақсатында құрылған жаһандық бастама болып табылады. Акселератордың қызметі әйелдерді жұмысқа орналастыру бойынша мәселелерді шешуге, оның ішінде жұмыс орындарынын қолжетімділігін арттыруға, еңбекақыны тең төлеуді қамтамасыз етуге және басшы лауазымдардағы әйелдер санын арттыруға бағытталған. Бүгінгі күні акселератордың құрамына ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазанова, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, «АХҚО» Әкімшілігінің Басқарма Төрағасы. Ернұр Рысмағамбетов және ірі жеке компаниялардың өкілдері кіреді. Келісім аясында «Қазына Капитал Менеджмент» гендерлік алшақтық көрсеткіштерін қысқарту және Қазақстан әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту үшін акселератор жұмысына белсене қатысады.

Присоединяйтесь к нашей команде