Жеңілдетілген бағдарлама аясында қаржыландырылған бірінші жоба қаражатты сәтті игеруде

21.10.2019
Қазіргі уақытта "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ инвестициясы есебінен компания Австралиядан Абердин-Ангус тұқымды 1 500 бас асыл тұқымды ІҚМ сатып алып, аналық мал басын 3 000 мың басқа дейін жеткізді. Сондай-ақ қосымша Ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды, ет өңдеу кәсіпорны (соңғы бордақылау алаңы) жанындағы фидлоттың құрылысы аяқталды, сатып алынған жер телімдерінде азықтар дайындалып, ұлғайған мал басын жаю жүзеге асырылады. "Бұл капиталдағы жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы аясында біз қолданған алғашқы жоба. Бағдарлама ШОБ-тан ірі бизнеске дейінгі кәсіпорындардың кең ауқымы үшін арнайы іске қосылды. "Қазмясо" ЖШС бізден қолдау алуға бірінші болып өзі өтініш білдірді, бүгінде бұл өз нәтижесін беріп жатыр. Компания жоғары сапалы мәрмәр сиыр етінің салқындатылған етін Қазақстан нарығына шығарады және жеткізеді. "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ осы маңызды жобаға қолдау көрсетеді және сенім артады", - деп атап өтті" Қазына Капитал Менеджмент " АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Сағымбеков. "Казмясо" ЖШС өз жем - шөп базасынан бастап дайын өнімді – салқындатылған етті орау желілеріне дейінгі толық циклды компания болып табылады. Компания ІҚМ өсіру, бордақылау және союдың австралиялық технологиясын пайдаланады және шетелдік консультанттарды тартады, бұл салада барлық әлемдік инновациялар мен трендтерді жедел алуға және қолдануға, сондай-ақ өнім сапасының жоғары стандарттарын сақтауға және қолдауға мүмкіндік береді. "Біздің Жоба Абердин-Ангус тұқымын өсіру жөніндегі халықаралық мамандармен әзірлеген. Бүгінгі күні біз аналық мал басын 3000 басқа дейін арттыра алдық. Шетелдік мамандармен үнемі консультациялар жүргіземіз, олар бізге бизнес-үдерістерді жолға қоюға және қызметкерлерді оқытуға көмектеседі. Қазіргі уақытта австралиялық тәжірибелі ветеринар және басқарушы Xavier Thomas McKinnon кеңес береді. Сою және дайын ет өнімдерін өндіру технологиясы бойынша әлемдік сапа стандарттарына қол жеткізу және қолдау көрсету үшін біз Ұлыбританиядан Michael Owen мырзаны шақырдық", - деді "Қазмясо" ЖШС Бас директоры Төлеген Бозжанов. Капиталға жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ-мен осы жылы іске қосылды және банктік несиелендірудің баламалы қаржылық құралын ұсынады. Бағдарлама шеңберіндегі қаржыландыруға кең көлемдегі салалар, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым және ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар тізімі ие бола алады. Бағдарламаны іске асыру екі бағытта жүзеге асырылады: корпоративтік бизнесті қолдау және ШОБ дамыту.

Присоединяйтесь к нашей команде