Kazakhstan Digital Accelerator акселерациялық бағдарламасына өтінімдерді қабылдау жарияланды

01.10.2021
«QazTech Ventures» АҚ («Қазына Капитал Менеджмент» АҚ еншілес ұйымы) Сингапурлық Quest Ventures қорымен бірлесіп Kazakhstan Digital Accelerator (KDA) акселерациялық бағдарламасының үшінші легіне өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады. Бағдарлама аясында іріктеуден өткен 10-ға жуық стартап өздерінің дамуына $50 000 алады. Сонымен қатар, KDA бағдарламасы стартаптарға көп жылдық тәжірибесі бар үздік менторлар мен кәсіпқойлардан білім алу мүмкіндігін, кең серіктестік желісінің арқасында Оңтүстік-Шығыс Азия инвесторларына өз жобаларын таныстыру мүмкіндігін, сондай-ақ, егер жобаның болашағы бар болса, Quest Ventures Asia Fund II негізгі қорының аясында қосымша инвестицияларды тарту мүмкіндігін ұсынады. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады, ал финалистерді іріктеу 2022 жылдың ақпан айының соңында өтеді. KDA бағдарламасының үшінші легі 2022 жылдың наурыз айында басталады. Қатысуға өтінімді Quest Ventures сайтында беруге болады.

Присоединяйтесь к нашей команде