• QIC
  • / Жаңалықтар мен инсайттар
  • / «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ тарапынан жеңілдікті қаржыландырудың арқасында темірбетон конструкцияларының ірі өндірушісі жаңа өнім желісін іске қосады

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ тарапынан жеңілдікті қаржыландырудың арқасында темірбетон конструкцияларының ірі өндірушісі жаңа өнім желісін іске қосады

29.10.2019
Жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде алынған қаражатты темірбетон конструкцияларының ірі өндірушіс Бұл өз кезегінде Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне ағынды суларды шығару жөніндегі инженерлік желілерді сапалы жаңартуға мүмкіндік береді. »Қазына Капитал Менеджмент «АҚ өндіріс үдерістерін үнемі жақсартып отыратын, заман ағымына сай дамитын компанияларды қолдауға тырысады. Біздің «Темірбетон - 1» ЖШС-мен арадағы ынтымақтастық оң нәтиже беретініне сенімдіміз, жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде мұндай кәсіпорындар өнім желісін кеңейтуге, өндірісті жаңғыртуға мүмкіндік алады» - дейді «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарушы директоры Ернұр Құлажанов. «Темірбетон - 1» ЖШС айналым капиталын қаржыландыру өндірісті әртараптандыруға бағытталатын болады. Бұл жоба өңірдегі экологиялық қатердің туындау қаупін төмендетуге жағдай жасайтындықтан да маңызды болып табылады. «Бағдарламаның мақсаты Қазақстандық кәсіпорындарға инвестициялаудың тиімді талапшарттарын ұсыну арқылы Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларын дамыту болып табылады. «Темірбетон-1» Қазақстан нарығында 60 жылдан бері жоғары сапалы бетон мен темірбетон бұйымдарын шығаруға маманданған», - деп атап өтті «BV Management» ЖШС («ҚКМ» АҚ еншілес құрылымы) бас директоры Бейбіт Жантурин. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ іске қосқан Капиталға жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы банктік несиелендіруге балама қаржы құралын ұсынады. Бағдарлама шеңберінде түрлі саладағы, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде, инфрақұрылым және ауыл шаруашылығы саласындағы ірі бизнес және ШОБ өкілдері қаржыландырылады.

Присоединяйтесь к нашей команде