ҚКМ Астана қ. энергия кешенін жаңғырту жобасы бойынша инвестициялық кіріс алды

28.03.2018
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның (ҚКМ) еншілес ұйымы – «Baiterek Venture Fund» АҚ (BVF) «Орталық Азия Электр энергетикалық корпорация» АҚ жобасына қатысқаны үшін шамамен 450 млн. теңге мөлшерінде инвестициялы Төлем туралы шешім тараптардың келісімі бойынша қабылданды. «2015 жылы біз Астана қ. энергия кешенін жаңғырту бойынша жобаға инвестиция салдық. BVF-тің осы жүйе құратын жобаға акционер ретінде қатысуы бүгінгі күні 450 миллион теңге мөлшерінде инвестициялық кіріс алуымызға мүмкіндік берді. Алайда біздің жобаға қатысуымыз осымен аяқталмайды, себебі біз 2020 жылға дейін жобаны қолдауды іске асыруды жоспарлап отырмыз» - деп «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әсет Сағымбеков хабарлады. 2015 жылы қазанда «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның өзінің тікелей инвестициялық қоры «Baiterek Venture Fund» АҚ арқылы Астана қ. энергия кешенін жаңғырту бойынша жобаға 1,8 млрд теңге инвестиция салғанын ескертеміз. Жобаның операторы Қазақстанның электр және жылу энергетика секторындағы ірі жекеменшік тік біріктірілген компаниясы - «Орталық Азия Электр энергетикалық корпорация» АҚ болып табылады. ОАЭК компаниялар тобы Астана, Павлодар, Екібастұз, Петропавловск қалаларының шамамен 2 млн халқын, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын жылумен және жарықпен қамтамасыз етіп отыр. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) – ұлттық экономиканың тұрақты дамуына ықпал ету үшін 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялық қорлардың қоры (private equity). ҚКМ отбасы қорлары экономиканың әртүрлі секторларындағы компанияларға әрі қарай өсу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында капитал ұсынады. ҚКМ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді. Baiterek Venture Fund (BVF) – инвесторы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ болып табылатын, қазақстандық тікелей инвестициялық қор. Еліміздің басым секторларындағы жобаларға үлестік қаржыландыру ұсыну арқылы қатысады. Қордың капитализациясы 12,7 млрд теңгені құрайды. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ баспасөз қызметі Байланыс тел.: (+7 7172) 554 222 (ext.120); Электрондық поштасы: PR@kcm-kazyna.kz; Сайт: www.kcm-kazyna.kz

Присоединяйтесь к нашей команде