2017 жылдың соңына дейін ҚР мен ҚХР қазақстандық жобалар үшін 300 млн. долларлық қор құрады.

02.11.2017
Бұл жайлы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Асқар Достияров «БӘЙТЕРЕК» Ұлттық Басқарушы Холдингі» делегациясының қытайлық инвесторлармен Бейжің қаласында өткен келіссөздер барысында мәлімдеді. Бейжіңде қазір China Eurasia Nurly Investment Fund қорының құрылуы жайлы соңғы келіссөздер жүргізілуде. Қор қатысушылары: Қазына Капитал Менеджмент, CITIC Group Corporation, Asia Investment Finance Group және Қытай-еуразиялық экономикалық серіктестік қоры. Жаңа қор энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика, инфрақұрылым құрылысы, заманауи ақпараттық технологиялар мен жоғары технологиялық өндіріс салаларындағы қазақстандық жобаларды қаржыландырады. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ы «Citic Kazyna Investment Fund I» Қоры аясында қытай инвесторларымен бірнеше мәрте серіктес болған. Осыған дейін «Citic Kazyna Investment Fund I» Қоры 5 ірі жобаға 100 млн. АҚШ долларын инвестициалаған. Оның екеуі, электр және темір жол кешендерінің инфрақұрылымдық жобалары, Қазақстан аумағында орналасқан. Енді 2017 жылдың соңына дейін ҚХР-сы инвесторларымен бірлескен 300 млн.долларлық қор құрып, келесі жылдың басында-ақ жаңа жобаларды қаржыландыру жоспарлануда. Бұл Қазақстандағы private equity нарығын дамытуға жасаған «Қазына Капитал Менеджменттің» тағы бір қадамы. Жаңа қор Қытай холдингтері мен Гонконгтың жеке компанияларына Қазақстанды инвестициялық тұрғыдан танытып, қызығушылықтарын арттырады. Ал, отандық кәсіпорындар үшін қосымша қаржы көзін ашады» - дейді, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Асқар Достияров. Сондай-ақ, қазақстандық делегация іс-сапарын Азиялық инвестициялық-қаржылық СITIC Securities тобымен келіссөздер жүргізу үшін Гонконгқа жалғастыруды жоспарлауда. Ол кездесуде Гонконг қор биржасымен кейбір қазақстандық компанияларды IPO-ға өткізу бойынша серіктесе атқарылатын мүмкіндіктер талқыланбақ.

Присоединяйтесь к нашей команде